Білім • 18 Қыркүйек, 2020

Лицензияларын қайтарып алды

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында Білім және ғылым министрлігі тиісті шараларды қабылдап жатыр.

Лицензияларын қайтарып алды

Аталған ведомствоның Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 25 жоғары оқу орнының кадрларды даярлау бағыттары бойынша лицензияларға 60 қо­сым­шасын қайтарып алды. Оның басым бөлігі коми­теттің тексерісінен кейін қайтарылды.

Негізінен бұл университеттер «Педаго­ги­калық ғылымдар», «Өнер», «Гуманитарлық ғы­­лым­дар», «Жаратылыстану ғылымдары», «Тех­­ника ғылымдары», «Қызмет көрсету» және «Әлеу­­­­меттік жұмыс», «Әлеуметтік ғылымдар» бағыт­­­­тары бойын­ша кадрлар даярлауды жүзеге асырды.

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойын­ша жоғары оқу орындары нормативтік-құқық­тық актілерді сақтамағаны анықталды. Олқы­лықтарға негізінен талапкерлерді қабылдау, профессорлық-оқытушылар құрамның (ПОҚ) білік­тілігін арттыру, профессорлық-оқытушылар құрамын конкурс арқылы алмастыру, про­фессорлық-оқытушылар құрамының оқу жүк­те­месін жоспарлау, білім алушыларды қоры­тын­ды аттестаттау, диплом блан­кілерін есепке алу және т.б. бойынша жол берілген.

«Президенттің тапсырмасы бойынша жұмысты екі бағытта жүргізіп жатырмыз. Бірін­шіден, әлсіз университеттерді толықтай жабу, екіншіден, бұл жағдайда университеттерді сапасы төмен, жабдықтары жетіспейтін және т.б. мамандықтары бойынша лицензиясынан айыру. Иә, бұл жоғары оқу орындары үшін өте ауыр процесс, жоғары оқу орындары қомақты кірістер мен студенттерді жоғалтады, бірақ біз үшін сапаны қамтамасыз ету маңызды», деп түсіндірді Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов.

Биыл білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді, сондай-ақ Мем­лекеттік жалпыға міндетті білім беру стан­дарты мен қызметтің үлгілік қағидалары жаңар­тылғанын естеріңізге саламыз.