Суретті түсірген Әлпеш Рахымберді
– Бұл тартуымыз – індетттің беті қайтып, балалар жылдағыдай мектептеріне қайта оралсын, біз ұсынған мектеп жабдықтарын пайдаланып, сыныптастарына қосылып, қуансын деген тілектен туды, – дейді жергілікті бөлімше басшысы Дархан Шаихов.
Қайырымдылық көмек Баянауылдағы З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып оқушылары Айшуақ Ақбар, Айдос Серік, Сезім Нұриден, Валерия Шлыкова, Богдан Яцук, Әлім мен Абай Абзалұлы, Қаражар ауылындағы мектептің 1-сынып оқушылары Сырым Темірәлі, Інжу Серікбай, Айлана Рашидті ерекше қуантты. Балаларға банктің арнайы жасыл түсті қорапшасына салынған оқу құралдары, сөмкелерді сыйға берді. Бұған дейін аудандағы мектептерге 21 дана жылжымалы бактерицидтік шам алынған болатын. Бұл шамдарды алуға «Рахмет» шаруа қожалығының басшысы Жасыбай Нығманов демеушілік жасаған-ды.
Ата-аналар «Халық банкі» АҚ қашанда атына заты сай болсын деп, балаларына қуанышты көңіл-күй сыйлаған қаржы институтының жергілікті ұжымына, демеуші кәсіпкерге алғыс айтады.
Павлодар облысы,
Баянауыл ауданы