05 Қараша, 2013

Бұлар енді қашан серпіледі?

343 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы министрлерге мін тағып, сынағанда, ширатып бір алайын деген шығар. Иә, Үкіметтің қазан айындағы кеңей­тіл­ген кеңесінде Елбасы қадау-қадау сөз айтып, қатаңдық та­нытқанда көпшілік көңілі осындай ой түйген еді. Ал ол сын-пікірлер – Елбасының Үкімет жұмысына берген әділ бағасы, орындалуға тиісті тапсырмалары болатын. Одан бері де бір айға жуық уақытты артқа тастадық. Ал қоры­тынды қандай? Кім нақты не істеп, қандай шаралар атқаруда? Енді соны түгендейтін кез жеткендей. Бұған орай түрлі әңгімелер айтылып, әркім өзінше есеп те беріп жатыр. Алайда, тапсырмалардың тікелей орындаушысы – Үкімет және оның мүшелері екені белгілі. Осы ретте кеше Орталық коммуникациялар қызметі Экономика және бюд­жет­тік жос­парлау ми­нистрі Ерболат Досаевты журна­листер алдына шақырып, брифинг өткізді. Ал ол өз сала­сындағы кемшіліктер жыл аяғына дейін түзеледі деп сендіріп отыр.

01-Кемшилик

 

Мемлекет басшысы министрлерге мін тағып, сынағанда, ширатып бір алайын деген шығар. Иә, Үкіметтің қазан айындағы кеңей­тіл­ген кеңесінде Елбасы қадау-қадау сөз айтып, қатаңдық та­нытқанда көпшілік көңілі осындай ой түйген еді. Ал ол сын-пікірлер – Елбасының Үкімет жұмысына берген әділ бағасы, орындалуға тиісті тапсырмалары болатын. Одан бері де бір айға жуық уақытты артқа тастадық. Ал қоры­тынды қандай? Кім нақты не істеп, қандай шаралар атқаруда? Енді соны түгендейтін кез жеткендей. Бұған орай түрлі әңгімелер айтылып, әркім өзінше есеп те беріп жатыр. Алайда, тапсырмалардың тікелей орындаушысы – Үкімет және оның мүшелері екені белгілі. Осы ретте кеше Орталық коммуникациялар қызметі Экономика және бюд­жет­тік жос­парлау ми­нистрі Ерболат Досаевты журна­листер алдына шақырып, брифинг өткізді. Ал ол өз сала­сындағы кемшіліктер жыл аяғына дейін түзеледі деп сендіріп отыр.

01-Кемшилик

Айтылған сындардан қоры­тын­ды шығару жайындағы бас­па­сөз жиынына бірінші болып Экономика және бюджеттік жос­парлау министрінің шақырылу бекер болмаса керек. Себебі, сол күнгі сындардың көбі ел экономикасын жоспарлау, тиімді бас­қару, бюджетті игеру аясын­да өрбіген еді. Осыған орай Үкімет арнайы жоспар құрып, оны министрліктерге тиісінше жүк­­тегенде, тіпті санап шықсақ, Экономика және бюджеттік жос­парлау министрлігіне 14 тапсырманы орындау міндеттелген екен.

Шынымен, бүгінгідей әлемді қаржылық дағдарыс алаңдатқан қарбалас кезеңде экономика саласына тиесілі салмақ та арта түсері анық. Алайда, кеңейтілген кеңесте Елбасының өзі атап өткендей, еліміздің аталмыш са­ласындағы олқылықтары аз бол­май отыр. Осыған байланысты Елбасы «Үкімет ең алдымен бюджетті жоспарлау мен орындау сапасын жақсартуға на­зар аударуы керек. Бүгінде бюд­жеттің сапасыз орындалып және то­лықтай игерілмеуі қалыпты жайға айналып отыр», деп қатаң сын айтқан болатын. Бұған қатысты министрлік қандай шаралар атқаруда? Е.Досаев кеше осы сұрақтар төңірегінде жауап беруге тырысты. Қаражат игерілуін жетілдіру, мемлекеттік органдардың есептілігіне қатысты амалдарды өзгерту мақсатында министрлік Бюджет кодексіне өзгеріс енгізудің екінші блогын дайындап жатыр, деді ол. Сон­дай-ақ, ағымдағы жылғы 31 қазанда 2013 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы мақұлданды. Бюджеттік бағдарламалар әкімші­лерінің шығындары 165,8 млрд. теңгеге қысқартылды. Жыл қо­рытындысына байланысты болжанып отырған қосымша кірістерді орынды пайдалану мақсатында 2013 жылы республикалық бюджет тапшылығы 80 млрд. теңгеге немесе ІЖӨ-нің 0,2 пайызына қысқартылады. Сондай-ақ, ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында 100 млрд. теңге бөлінді, деді министр.

Мемлекет басшысы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың бірін-бірі қайталайтын құрылым­да­рын оңтайландыруды және функ­ция­ларды нақты бөлу жұмысын жалғастыруды тапсырған болатын. Экономиканы жүйелі жоспарлау саясаты өте маңызды екенін еске сала отырып, Эконо­ми­ка және бюджеттік жос­парлау министрлігі мен Өңірлік даму министрлігі арасындағы өкілеттілікті нақты бөлу, атал­мыш министрліктер арасын­да елдің индустриялық-ин­но­вациялық да­муын үйлестіру жайын­да айтып еді. Осы ретте Е.До­саев бү­гінде елімізде 2020 жылға дейін аумақтық ке­ңіс­­тікті дамытудың болжамды сызбасы іске асырылып жат­қа­нын, ол өндіріс күштерін, кө­лік-коммуникация, әлеуметтік және өзге де инфрақұрылымды ұтымды орналастыру және өңір­лер бөлінісінде халықты қоныс­тандыру жүйесі болып табылатынын атап өтті. Оны жүзеге асыру үшін Өңірлік даму министрлігінің тарапынан 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас сызбасының негізгі ережелері жасалды. Жақын арада ережелер Үкімет назарына ұсынылып, ма­құлданатын болады, деді ол. Мемлекеттік үдемелі индус­трия­лық-инновациялық даму бағ­дарламасы шеңберінде Өндірістік қуаттарды ұтымды орналастыру сызбасы сияқты құрал бар екен­дігін, ол Индустрияландыру карталарының жобаларын­ ес­ке­ре отырып, бизнеске жаңа­ өндірістерді орналастыру ту­ра­лы шешім қабылдауға мүм­кін­­дік беретінін алға тартты. Сон­дай-ақ, министр аймақтарда өн­діргіш күштерді оңтайлы орналастыру туралы Мемлекет бас­шысының тапсырмасын іске асыру мақсатында құжаттарды қолға алып, меморгандардың үйлес­ті­рілуі қамтамасыз етілетінін атап өтті.

Е.Досаев ағымдағы жылдың қараша айында мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша жүргізіліп жатқан тексеріс аяқталатынын жеткізді. Тексерісте 46 бағдарлама қамтылған, соның ішінде 5 мемлекеттік және 41 салалық бағдарлама бар. Тексеріс барысында бағдарламалардың әзірлеу сапасы, бюджеттік қара­жатты қолдану тиімділігі мен мақ­саттылығы, сонымен қоса, көз­делген мақсатқа қол жеткізу дәрежесі, бағдарламалардың қо­сар­лануы және қаржылай қамтама­сыз етілуіне баға беріледі. Тексерістің қоры­тын­дысы нәтижесінде үйлес­тіру, мемлекеттік және сала­лық бағдарламалардың қар­жы­ландырылуының басым­ды­лық­та­ры мен тиімділіктерін арттыру бойынша нақты ұсыныстар берілетін болады. Кейбір бағдарламалар жаңадан өңделіп жатқан бағдарламалармен бірігіп, бір бағытқа арналған бірыңғай бағдарламаға біріктіріледі, кейбір бағдарламалардағы қосарланған бағыттар алынып тасталады. Тиімсіз деп қабылданған бағдарламалар жойылып, ал тиімділігі төмен бағдарламалардың мазмұны олардың қаржыландыру көлемі жағынан қайта қарастырылатын болады, деп нақтылады ол.

Министр көлеңкелі экономи­каның көлемін төмендету жайында да бірқатар жұмыстар ат­қа­рылып жатқанын атап өтті. Экономика және бюджеттік жоспар­лау ми­нистрлігі назары 3 негізгі бағытқа шоғырлан­ды­рылатын болады. Яғни, бұл бюджетті жоспарлау жүйесін жетілдіру және бюджет шығыс­тарын жоспарлау мен бөлу ке­зінде тәуекелдерді басқару жүйе­сін енгізуге бағытталған мем­лекеттік қаржыны басқарудың тиімділігін арттыру. Мұндай тәуе­келдерді басқару жүйесі барлық мемлекеттік органдарға енгізілуі тиіс, деді Е.Досаев.

Қысқасы, кешегі брифингте мәлім болғандай, Президент тапсырмасына байланысты жұмыстар осы жыл­дың соңына дейін толықтай аяқталмақ. Ал қазір соны жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр екен. Әрине, бұл – Экономика және бюджеттік жос­парлау министрінің уәдесі. Ал жалпы Үкімет мүшелері не тындырып жатыр, ол мәселе бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында талқыланбақ.

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28