05 Қараша, 2013

Сылбырлықтың шылбырында

280 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

20120702205034Кеше «Қазмедиа» орталығында Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева журналистермен брифинг өткізіп, біраз мәселенің мәнін ашып бермек болды. Оларды көзіқарақты оқырман өзі салмақтар деген оймен айтқандарын біршама тұтас бергенді жөн көрдік.

Кеше «Қазмедиа» орталығында Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева журналистермен брифинг өткізіп, біраз мәселенің мәнін ашып бермек болды. Оларды көзіқарақты оқырман өзі салмақтар деген оймен айтқандарын біршама тұтас бергенді жөн көрдік.

Бірінші кезекте айтарым, Елбасының аталған отырыста сөйлеген сөзінен кейін мен еліміздің төрт аймағында болып қайттым. Президенттің барлық сөздері тұрғындар тарапынан қолдау тапқанын көзіммен көрдім. Осыған байланысты мен Үкіметтің кейбір мәселелерде әлі күнге неге сылбырлыққа жол беріп отырғанына тоқталғым келеді. Үкіметтің өз жұмысында басшылыққа алып, жұмыс істейтін құжаттары – Елбасының «Қазақстан- 2050» Стратегиясы мен «Нұр Отан» партиясының Доктринасы. Стратегияда алға қойылған ең маңызды міндет – бәсекелестікке қабілетті 30 дамыған елдің қатарына ену. Осы құжатты басшылыққа алып, Үкімет жоғары дамыған елдерден қалмай жұмыс істеуі керек. Екіншіден, аймақтардағы біздің сайлаушыларымыз да Үкіметтің жұмысы ширақ болып, алға қойылған міндеттерді толығымен атқарғанын қалайды. Траектория белгіленгеннен кейін Үкімет осы міндеттердің аясында өзінің реформаларын іске асыруы керек еді. Алайда, осы екі құжатты іске асыруға байланысты Үкіметтің нақты жұмыс нобайын көре алмай отырмыз. Осыған байланысты мен, сөзім жалаң болмас үшін, біздің азаматтарымыздың бәрін толғандырып жүрген кейбір проблемаларға тоқтала кеткім келді. Бірінші кезекте, қолжетімді тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жүйесі туралы айтсам деймін. Бәріңіз білесіздер, қолжетімді тұрғын үй мәселесі бойынша тоғыз түрлі тетік ұсынылды. Алайда, осы тетіктердің бірі де орта дәулетті тұрғындар үшін ешқандай кедергісіз тұрғын үйге қол жеткізуіне мүмкіншілік беретін базалық негіз бола алмады. Ал басқа елдерде мұндайға кез келген азамат қол жеткізе алар еді. Сондықтан, осы салада Үкімет қосымша шаралар мен тетіктер қолдануы керек.

Екіншіден, құрылыс саласына қатысы бар министрліктер Парламентке енді ғана құрылыс ережелері мен нормаларына өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобаларын енгізіп жатыр. Онда қосымша бюджет қаражаттарын бөлу арқылы осы тетіктерді жетілдіру ғана қарастырылған. Екінші жағынан алғанда, кеңейтілген отырыста алға қойылған міндеттерді тиімді атқаруға тиісті бағдарламалар әзірленбеген.

Үшіншіден, Тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығын жаң­ғырту бағдарламасы қабылданып, бюджеттен қаражат бөлдіру сұ­ралғанда оның осы тараптағы мәселені шешуге арналған ең жетілдірілген шара екендігі туралы көп айтылды. Бірақ іс жүзінде ол да дұрыс жүргізілмегеніне бәріңіз де куәсіздер. Енді бюджеттен бұл бағдарламаға қаражат бөлінбейтін болды, деді депутат.

Осы арада Айгүл Сағадибек­қызы тұрғындармен кездесу кезінде осы мәселенің көп көтерілетінін жеткізді. Сонымен бірге, олар­дың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бойынша айтқан ұсыныстары туралы ұзақ әңгімеледі. Бағдарламада бюрократтық кедергілердің көп болғандығы туралы да айтыл­ды. Одан әрі шешен басқа бағ­дарламалар туралы да сөз қозғап, кейбірінің өзгеріп кететіндігі министрліктердің арасында өзара келісімнің жоғында екенін сынап өтті. Мәселен, деді ол, Эко­номика және бюджетті жоспарлау министрлігі 18 млрд. теңге бөлінді десе, ол туралы басқа тү­гіл аймақтардағы департамент ди­ректорлары да білмей қалады. Сондықтан бұл істе барынша ашықтық, мөлдірлік керек. Сонда сыбайлас жемқорлыққа да жол берілмейді.

Осыдан әрі ол сыбайлас жемқорлық проблемаларына ауысып, Қарағанды мен Қызылордада Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау қызметі өкілдерінің сыбайлас жемқорлық қылмыспен ұсталғанын көлденең тартты және осындайларға қарсы белсенді, нақты тетіктердің жоқтығын сынап өтті. Одан әрі Үкіметтің тұрғын үй құрылысын сапалы жүргізуге байланысты бақылауының төмендігін атап көрсетті. Осы бағыттағы жұмыстарды, өкінішке қарай, біз көре алмай келеміз, деді ол.

Дегенмен, депутат Айгүл Соловьеваның Үкімет тарапына айтқан сындары барынша нақты мәселелерді қамтыған сын тұрғысында болмай шыққандай көрінді. Ол бір мәселеден бір мәселеге ауысып, ойын жүйелі түрде жеткізе алмағандай әсер қалдырды. Осының өзінен оның аудиторияның алдына дайындықсыз келгені сезіліп тұрды. Мәселен, ол жоқ жерден Үкіметтің қайсыбір аймаққа («допустим, на тот или другой регион» сияқты сөздері – Ж.С. ) қандай да бір соманың бөлінетіндігі туралы айтатынын, одан кейін ол сома екі рет өзгертілетінін, ақырында ол тіпті азаятынын айтты. Сондықтан көптеген өңірлер осындай мәселелерге шағынып жатады, деді ол.

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28