Спорт • 21 Қыркүйек, 2020

«Тур де Франста» жүлдеге іліге алмады

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция тасжолдарында үш аптаға созылған велошабандоздардың бейресми әлем чемпионаты саналатын «Тур де Франс» велокөпкүндігі өз мә­ре­сіне жетті. Додаға Қазақстанның «Астана» велокомандасы да қатысты.

«Тур де Франста» жүлдеге іліге алмады

Жыл сайын үздіктер қатарынан көрінетін «Астана» командасы биылғы бәсекеде жүл­делі орынға сынық сүйем қалғанда сү­рінді. «Тур де Франс» бәсекесіне капитан ретінде «Астана» велошабандоздарын бас­тап барған колумбиялық спортшы Мигель Анхель Лопес жарыстың соңғы күндеріне дейін үшінші орында келе жатқан болатын. 20-кезеңдегі жекелей бәсекеде сәтсіз өнер көрсетіп, үздік үштіктің қатарынан шығып қалды.

Десе де «Астана» велошабандоздары екі мәрте жеңімпазы атанды. Жарыстың алтыншы кезеңінде велоспорттан Қазақстан чемпионы Алексей Луценко үздік атанса, 17-кезеңінде Мигель Анхель Лопес мәре сызығын бірінші болып кесті.