05 Қараша, 2013

Елімізде тұңғыш рет бала бауыры ауыстырылды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05 11-OtaЕлімізде тұңғыш рет тірі донордан бауыр ауыстыру отасы жасалып, ол сәтті аяқталды. Бұл туралы «Жетінші» телеарна хабарлады.

Бауыр циррозына шалдыққан 6 жасар Илья Панихинге отаны республикалық жедел жәрдем орталығы мен шетел мамандары жасады. Статистикалық дерекке жүгінсек, республика бойынша 7 мыңға жуық адам, оның ішінде 100 бала донорлық ағзаға мұқтаж.

Жалпы, қайсыбір ел болмасын трансплантология мәселесі төңірегінде тарқатылмаған түйін бар. Сондықтан көптеген адамдар ағза ауыстыруда қиындықтарға тап болып жатады. Ал 2 айлығынан бастап бауырдың қатерлі дертіне шалдыққан Ильяға анасының әпкесі көмекке келді. Ол бауырының үштен бір бөлігін берген екен.

«Жиеніме тек менің бауырым сәйкес келгендіктен, ойланбастан отаға келістім. Қорыққаныммен дәрігерлерге сенімді болдым. Енді оларға алғысым шексіз.Ал өзім қазір толық қалпыма келдім. Бірақ бауырымның бір бөлігін алғаннан кейін, ішімде бірдеңе жоқ сияқты сезіледі»,-дейді Евгения Ицко.

Тірі адамның ағза мүшесін тірі адамға салудың қаупі мен қатерін дәрігерлер жақсы біледі. Мамандар осы істі одан әрі жетілдіру мақсатын көздеп отыр. Өкініштісі, донорға мұқтаж науқастардың жылына 70 пайызға жуығы кезегін күтіп жүргенде көз жұмады екен.

Бақытбек Кенешұлы.

Соңғы жаңалықтар