Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2020

Түркістанда жас көшбасшыларға арналған тренинг өтті

515 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістанда "JAS TURKISTAN-2020" облыстық семинар-тренингі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда жас көшбасшыларға арналған тренинг өтті

Бұл шараның өтуіне Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы мен адами әлеуетті дамыту басқармасы мұрындық болған. Ашық аспан аясында, сақтық шараларын сақтай отырып өткізілген семинар-тренингке 300-ге жуық мектеп белсенділері мен "Өзін-өзі басқару" ұйымдарының көшбасшылары және ұстаздар қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тренингті өткізу жастарды үздіксіз даму мен қоғамдық өмірге бейімделуге, ой-жиегін кеңейтіп, жауапкершілікке дағдыландыруға ықпал етеді. Қазіргі таңда облыс бойынша 160 000 астам оқушы болса, оның 5256 "Өзін-өзі басқару" ұйымының мүшесі, ал 876 оқушы көшбасшы президенттері болып жүр.

ог

Олардың саны мен сапасын әліде арттыруды көздеген шараны Түркістан облысы "Өзін өзі басқару" ұйымының көшбасшысы Мейірбек Әнелі бастап, аталған ұйымның ережелері мен жоспарын таныстырды. Сондай-ақ мұндай қоғамдық жұмыстардың қалыптасу жолындағы пайдаларына тоқталды.

Әрі қарай жас белсенділерге Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы "Жастармен жұмыс" бөлімінің басшысы Сейдулла Кеңесбайұлы "Көшбасшылық қабілет" туралы тренинг өтіп, оның маңыздылығын айтты.

н

"Қазіргі қоғам жастардан әлеуметтік танымы мол, белсенді және сауатты болуды ғана емес, көшбасшылық қабілетті де талап етеді. Көшбасшы – ұйымға ғана емес, қоғамға да ықпал ете алатын болуы керек.  Ол өзінің мақсат-мүддесін толық сезініп, оны қорғай білуі қажет. Ал мұндай мінездерді қалыптастыру жолында "Өзін-өзі басқару ұйымдары" мен осындай тренингтердің маңызы зор",- деді Сейдулла Кеңесбайұлы.

"Өзін-өзі басқару" ұйымдарының жұмысын күшейту мақсатында өткен шара Түркістан қаласынан кейін, Ордабасы, Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарында жалғасады. Мұндай жобалар жастардың өмір ағымдарына бой алдырмай, саналы, сауатты еңсеруіне жағдай жасау мақсатында жүйелі түрде ұйымдастырылып отыруы қажет.