Қауіпті індеттің өршуіне байланысты аурухана жанынан 40 төсектік инфекциялық стационар мен 60 төсекке арналған провизорлық орталық жұмыс істеді. Ауруханаға демеушілер оттегі концентраторын алып беріп, көмек қолын созды.
"Енді міне, коронавирусқа шалдыққан соңғы екі пациент сауығып шықты. Қазір ауданда қауіпті індетті жұқтырған науқастар жоқ. Соған қарамастан емдеу мекемелері қорғаныш киімдерімен қамтылып, дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры жасақталды", дейді Нұрбек Үкібаев.