Құжатта жазасын одан әрі өз елдерінде өтеу үшін екі мемлекет арасында сотталған адамдарды беру мүмкіндігі қарастырылған.Заң жобасының негізгі міндеті сотталған адамдарды беру мәселелері бойынша екі мемлекеттің құзыретті органдарының өзара іс-қимылын регламенттеу болып табылады.
Шартта сотталған адамды беру, сұрау салудың нысаны мен мазмұны, беру шарттары, сотталған адамды беруден бас тарту негіздері жазылған.Бұдан бөлек аталған құжатта үкімнің орындалуын, үкімнің орындалуын тоқтатуды немесе өзгертуді, ақпарат алмасуды, сотталған адамның транзитін реттейтін нормалар көзделген.
Қазақстан тарапынан орталық орган ретінде Бас прокуратура белгіленді. Заң жобасы Палатаның қарауына жолданды.