Парламент • 22 Қыркүйек, 2020

Мәулен Әшімбаев Астана және Қазақстан Митрополитімен кездесті

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Спикері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Орыс православ шіркеуінің Қазақстандағы жетекшісі, Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев Астана және Қазақстан Митрополитімен кездесті

Мәулен Әшімбаев православ шіркеуі Қазақстанда қоғамның рухани дамуы жолында үлкен жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Сенат Төрағасы биыл Қазақстанның православ шіркеуі бүкіл православ әлеміне танымал ағаш сәулет өнерінің жауһары болып саналатын Вознесенск кафедралды шіркеуінің оралғанына 25 жыл толуын атап өтетінін еске салды. Шіркеу тарихи-мәдени ескерткіш мәртебесіне ие, Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енгізілген және Алматының көрікті ғимараттарының бірі болып есептеледі.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қорытындыларын іске асыру жұмыстарына қатысты пікір алмасу жүргізілді, сондай-ақ елімізде конфессияаралық келісім идеяларын одан әрі ілгерілету мәселелері талқыланды.

Сенат Спикері Қазақстандағы түрлі діни ұйымдар арасындағы бейбітшілік пен сындарлы диалогты нығайту бойынша ынтымақтастықты