Әлем • 22 Қыркүйек, 2020

Ресейде әскери ұшақ құлады

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Тверь облысында Су-30 жойғыш ұшағы құлады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейде әскери ұшақ құлады

"22 қыркүйекте Тверь облысында жоспарланған оқу-жаттығу ұшуы кезінде Батыс әскери округының Су-30 ұшағы апатқа ұшырады", делінген Батыс әскери округінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада

Экипаж мүшелері зардап шекпеген, ұшқыштар жерге қонғаннан кейін байланысқа шыққан. Қазір экипаж аэродромға жеткізілді.

"Ұшақ орманды жерге құлады. Жерде ешқандай қирау жоқ. Апаттың себептері мен жағдайларын анықтау үшін апат орнына Батыс әскери округінен комиссия жіберілді", деді баспасөз қызметіндегілер.