– Қалада білім мекемелері толықтай интернет желісіне қосылған. Бүгінде «Қазақтелеком» АҚ-ы арқылы білім беру ұйымдарының интернет желісінің жылдамдығын 8 Мб/с - 12 Мб/с-қа дейін ұлғайту мақсатында қосымша келісімшарттар түзілуде. Ал қала шетіндегі интернет жылдамдығы төмен елдімекендер бойынша Шымкент қалалық Цифрландыру басқармасы «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесе отырып, 8 орынға байланыс станциясын орнату жұмыстары жүргізілуде, – деді Ж.Тәжиева.
Спикердің сөзіне сүйенсек, қалада 17 701 отбасыға «Bilim al» интернет-тарифіне қосылған SIM карталар беріліп, 760 отбасыға кабельді интернет желісі тартылған.
Брифинг барысында Жанат Арысбекқызы биыл білім алу онлайн форматта жүргізілуіне байланысты ата-аналар тарапынан компьютерлік техника және интернетпен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде бірқатар арыз-шағым түскенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, бұл өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, қаладағы білім беру ұйымдары толық санитарлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген.
Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы