Экология • 23 Қыркүйек, 2020

Табиғатты қорғай білу – өркениеттілік белгісі

384 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы еліміздің алдағы қарқынды даму жолын айқындап беруімен де құнды болып отыр. Жолдаудан туындайтын міндеттер біздің мекемеміздің қызметкерлері арасында да қызу талқыланып, жаңа жағдайда жұмыс атқаруға деген зор серпіліс туындатуда.

Табиғатты қорғай білу – өркениеттілік белгісі

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Президент Жолдауында «Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олар­дың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жем­қорлыққа қарсы күресті күшей­туге міндеттіміз» делінген. Сол ар­қы­лы елімізді дамытудың басты те­гершіктері, мемлекеттігіміз бен ел­дігімізді сақтаудың асыл мұраттары атап көрсетіліп, мемлекеттік бас­қарудың жаңа үлгісі ұсынылды.

Яғни ендігі жерде мемлекеттік жоспарлау жүйесі адам ресурс­тары мейлінше толыққанды түр­де жұ­мылдырылуын қамта­ма­сыз ету керек. Негізгі мақсат жұ­мыс­­тың барысы емес, нәтиже­сіне бағдарланатын болады. Бұл тұр­ғыда мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, қайта құру­дың да мезгілі әбден пісіп-жетіл­ген еді. Мемлекет бас­шысы да: «Пан­де­мия кезінде мем­лекеттік қызмет­шілердің басым бөлігінің қашық­тан жұмыс істеу режіміне көшуі мемлекеттік аппаратты ықшам­дау керектігін және бұған толық мүмкіндік бар екенін көрсет­ті» деп, ықшамдау жосығын жедел­детуді тапсырды.

Бұл мәселе былтырғы Жол­дауда да айтылған-ды. Уақыт ке­­­шеуілдеуді күтпейді. Алдағы уақытта мемлекеттік аппарат пен квази-мемлекеттік сектор қыз­мет­керлерін мерзімінен бұрын биыл 10 пайызға, келесі жы­лы 15 пайызға қысқарту жүзе­­ге асырылмақ. Ал үнемдел­ген қара­жат есебінен басқа қыз­мет­кер­лердің айлық жалақысы көбейті­летін болады.

Айта кетейік, бұл орайда еңбек­ақысы аз мемлекеттік қыз­меттің қоғам үшін пайдасынан зияны көптігі де ескерілген. Жолдауда осыған байланысты «Бұл мәселеге жете назар аудармау кері кетуге, біліктілік пен бастамашылдықтан айырылуға, сондай-ақ, ең сора­қы­сы, жемқорлыққа әкеліп соқты­ра­тыны» да егжей-тегжейлі түсін­ді­ріліпті. Осыған байланысты келесі жылдың екінші жартыжыл­дығынан бастап аталған салада балдық-факторлық жүйе енгізілуі күтіліп отыр. Бұл жүйе әркімнің еңбе­гіне қарай ақы төленілуін қамта­масыз етеді. Онда өзіне тапсы­рылған жұмысты мінсіз атқарған, тәртіптік жазаға ілікпеген мем­лекеттік қызметшінің жыл соңын­да тиісті талапқа сәйкес едәуір көлемде үстемеақы алуы да қарас­тырылған.

Шынында да, мемлекеттік қыз­мет мінсіз болуға, адал атқа­ры­лу­ға тиіс. Әсіресе, мемле­кет­тік қыз­меткерлердің сыбай­лас жемқорлықтың қандай көріні­сіне болсын ымырасыздық тан­ытуы бәрінен де маңызды. Осы­ған байла­нысты заң талаптары да қа­тайты­лып отыр. Қарамағындағы қызметкерлерінің жемқорлыққа баруы облыстық аумақтық құры­­лымдар басшыларының, минис­тр­­лердің өз еркімен қызмет­­тері­нен босауына мәжбүр етеді. Бұл мәселе мекеме қызметкер­лері арасында егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Жолдаудағы «Экология жә­не биологиялық әркелкілікті қорғау» деп аталатын бағыттың тікелей біздің салаға қатысы бар. Осыған орай Үкіметке биоло­гия­лық әркел­кілікті сақтау және тиім­ді пайдалану жөнін­дегі ұзақ­мерзімді жоспарды бекіту ұсы­­нылып отыр. Соған сәйкес ал­дағы бес жыл ішінде орман ал­қа­бына – 2 млрд, елді мекендерге 15 млн ағаш отырғызылатын болады.

Сондай-ақ «Жануарларды қор­­ғау туралы» заң жобасы әзір­­лен­бек. Жан-жануарларға көзқа­­рас кез келген мемлекеттің өрке­ниет­­тілігінің де өлшемі екені анық. Бұл жайт бізді де қуантып отыр.

Қысқасы, Мемлекет бас­шы­сы­ның биылғы Жолдауында ай­тылған мәселелер барлы­ғы­мыздың да көңілімізден шықты. Алдағы уақытта Жолдаудан туын­­дайтын міндеттердің мүл­тік­сіз орында­луына инспек­ция­ның еңбек ұжы­мының да ауыз­бір­шілікпен күш жұ­мылдырып, өз үлестерін қосаты­нына әбден сенімдімін.

 

Баймахан ҚОШҚАРБАЕВ,

Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы