Бүгін Халықаралық Түркі академиясы және Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен "Бекем бауырластық байланыстар: Манастан Абайға дейін" атты жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Суреттерді түсірген: Ерлан Омар "EQ"
Алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ‒ ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Қырғыз Республикасының Қазақстандағы елшісі Жээнбек Кулубаев, сонымен қатар мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, зиялы қауым мен этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.
Жиын барысында Жансейіт Түймебаев бірқатар азаматқа Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль табыстады.
Шара барысында Халықаралық Түркі академиясы дайындаған "Манас" эпосының қазақ тіліндегі нұсқасы және Абай шығармаларының қырғыз тіліндегі академиялық басылымы таныстырылды.
"Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай екі сүйінші жаңалығымыз бар. Екі ел арасындағы бауырластық байланысымызды бекемдей түсетін рухани қазынамыз көбейіп жатыр. 1961 жылғы Мұхтар Әуезовтің басшылығымен жарық көрген "Манас" дастаны 60 жылдан кейін қазақ оқырмандарының қолына қайта жетіп отыр. Жыршы, манасшы Баянғали Әлімжанов өзінің керемет шеберлігімен қазақшалап шықты", деді Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі. Жиын басталған кезде аталған екі еңбектің тұсауы кесілді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев өз сөзінде "Бекем бауырластық байланыстар: Манастан Абайға дейін" деп аталған онлайн шараны тамашалап отырған қырғыз бауырлар мен еліміздің әр тарапынан қосылған зиялы қауым өкілдеріне жылы лебізін білдірді.
"Абай жырын жаттаған дұрыс. Ал оның терең ойы мен пікірі тек айта жүрер әңгіме болмай, күнбе-күнгі тірлігімізге бір кірпіш боп қаланып жататын нақты іске айналса, тіптен құба-құп. Ол үйреткен тағылым мен ол көксеген мұраттарды шын қастерлей білгеніміздің, әділет пен абзалдық ұстазы алдындағы перзенттік қарызымызды терең түсініп, өтей алғандығымыздың бірден-бір белгісі", деп атап өтті Жансейіт Қансейітұлы.
Жансейіт Түймебаев Дархан Қыдырәлі басқарып отырған халықаралық Түркі академиясы ел мен жерді жақындастырып, түркі әлемі тарихын, тілі мен әдебиетін және мәдениетін зерттеп, зерделеу бағытында нақты жобаларды іске асырып келе жатқанын да атап өтті.
Айта кетейік, биыл Баку қаласында өткен Түркі академиясының Ғылыми кеңесінде 2020 жылғы Түркі әлемінің айтулы даталары қатарында Maнас дастанының 1125 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өту бекітілген еді. Манас эпосына арналған іс-шаралар жыл аяғына дейін жалғаса беретін болады.

Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар