Әлем • 23 Қыркүйек, 2020

Сенуге болатын адамдарды анықтап беретін құрылғы шығарылды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париждегі PSL зерттеу университетінің ғалымдары адамның бет-әлпеті арқылы сенімділік дәрежесін анықтайтын технология жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенуге болатын адамдарды анықтап беретін құрылғы шығарылды

Технология суреттердегі беттерді сканерлейді, содан кейін адамның қаншалықты сенімді екенін және оған сенім артуға болатын-болмайтынын анықтайды. 

Ғалымдар эксперимент барысында әйгілі тұлғалардың фотосуреттерін қолданған. Мәселен, Ханзада Гарридің әйелі Меган Маркл Елизавета I-ге қарағанда 3,5 есе көп сенім тудыратынын анықтапты. 

Француз ғалымдары 1500 жылдан 2000 жылға дейін адамдардың бет-әлпеті неғұрлым сенімді болғанын атап өтті. Олар мұны өмір сүру деңгейінің жоғарылауымен байланыстырады.