– Мен өскенде полиция қызметкері боламын. Өйткені полицейлер тәртібі нашар адамдарды ұстап алып, біздің тыныштығымызды күзетеді. Бәріне көмектеседі. Сондықтан полиция бөлімінде жұмыс істейтін ағалармен танысқым, оларды көргім келді, – дейді кішкентай «полицей» Санжар.
Оның отбасында 3 ұл, 1 қыз бар. Әкесінің жеке кәсібі бар. Ал анасы – дәрігер. Полиция бөліміне ертіп келген ағасының айтуынша, Санжар – уәдесінде тұратын қайсар бала. Тәртіп сақшысы болуға құлшынысы да зор.
Полиция бөлімінің қызметкерлері Санжарды қуана қарсы алды. Олар полиция қызметкерлерінің жұмысы, бұл мамандықтың қиындығы мен қауіпті сәттері туралы әңгімелеп берді. Көшедегі жол белгілерімен, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында жүктелген міндеттермен таныстырды.
Атырау облысы