Білім • 24 Қыркүйек, 2020

Өнер академиясының ректоры онлайн есеп берді

358 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Ақан Абдуалиев көпшілік алдында есеп беру кездесуін онлайн режімде өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Өнер академиясының ректоры онлайн есеп берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің және ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы жарлыққа өзгеріс енгізген еді. Осы өзгерістерге сай  онлайн-трансляциялар ұйымдастыра отырып, жұртшылық өкілдерімен есеп беру кездесулерін өткізу туралы тапсырма берілген еді. Аталған үндеу аясында Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры 2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстар жайымен бөлісіп, кезекті есеп беру жиынын ұйымдастырды.

Шара ZOOM, YouTube платформалары, Инстаграм, Facebook әлеуметтік желілері арқылы өтті. Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Қазақстанның жетекші жоғарғы оқу орындарының ректорлары, театр және өнер мектептерінің басшылары, БАҚ өкілдері, академия ұжымы, ата-аналар, студенттер онлайн есеп беру жиынының куәсі болды.

Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры өз баяндамасында білім ордасының бірқатар жетістіктерін атап өтті. Өткен жылғы әлемнің жетекші рейтингтері Webometrics мәліметтеріне сәйкес, академия Қазақстан бойынша  – 42 орын иеленген болса, халықаралық ARES рейтингісінде өз көрсеткіштерін жоғарылатып – 19 орынға табан тіреді. Сондай-ақ, жетекші рейтинг болып табылатын Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (НААР) академияның ұлттық білім беру нарығындағы жетекші орнын кезекті рет мойындады. Бас рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының арасында академия 8 орынды иеленсе, өнер білім беру ордаларының арасындағы рейтингте бірінші орынды иеленіп көш бастап тұр.

​А.Абдуалиев академияның алдағы жоспарларына да кеңірек тоқталып өтті. Соның ішінде, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: "Алдағы 5 жылдың ішінде кемінде 90 мың жатақхана орны салынуы керек. Жатақхана өте өзекті әрі өмірлік мәні бар мәселе", деген тапсырмасына орай, Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ға 300 орындық жатақхана салуды жоспарға енгізгенін жеткізді.