Қоғам • 24 Қыркүйек, 2020

Сенатор Атырау облысындағы жол құрылысын аяқтау мерзімін көрсетуді талап етті

695 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы жолдардың жай-күйі толғандырған сенатор Ғұмар Дүйсембаев Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатор Атырау облысындағы жол құрылысын аяқтау мерзімін көрсетуді талап етті

Бұл өңірде Атырау-Орал және Мұқыр-Құлсары автожолдарын қайта жаңарту жоспарланған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін 24 мың шақырым республикалық жол жаңартылады.

Депутаттың айтуынша, республикалық маңызы бар автожолдардың облыстағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі небәрі 66%-ды құрайды, ал республика бойынша орташа көрсеткіш – 88% болып отыр. Айта кету керек, соңғы жылдары өңірдің жол-көлік оқиғаларының статистикасы мәз емес. Егер 2016-2017 жылдары 65 жол-көлік оқиғасы орын алса, 2018-2019 жылдары бұл көрсеткіш 111 болды, онда 209 адам жарақат алып, 59 адам қайтыс болды.

Сондай-ақ сауалда Атырау-Орал автожолындағы өту қарқыны тәулігіне 7 мың автомобильді құрайтыны атап өтілген, бұл жолдың қазіргі талап көрсеткіштеріне сәйкес келмейді.

«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында осы мақсаттарға 4,4 млрд. теңге мөлшерінде қаражат көзделген, 1 км автожолды қайта жаңартудың болжамды құны 400-600 млн. теңгені құрайды, ал құрылыстың нормативтік ұзақтығы 3 жыл. Көрсетілген қаражат пен белгіленген мерзімде ұзындығы 487 км жолды қайта жаңғырту жұмыстарының табысты болғанына күмән туады", - деп атап өтті Ғ.Дүйсембаев. Сенатор өз кезегінде қаржыландыру көздерін және осы жолды қайта жаңартуды аяқтау мерзімдерін көрсетуді талап етті.

Ғұмар Дүйсембаев сонымен қатар қатты жабыны мүлде жоқ Мұқыр-Құлсары жолының нашар жағдайы алаңдатады. Сенатор бұл автожол Ақтау теңіз порты мен Қазақстанның қалған бөлігі арасындағы Ақтөбе облысы арқылы өтетін ең қысқа көлік қатынасы екенін атап өтті. Автожолды қайта жаңарту жолды 150 шақырымға қысқартуға және Атырау-Ақтау жолындағы көлік санын азайтуға мүмкіндік береді.

«Мемлекеттік бағдарламада қаржыландыру көзі көрсетілмеген. Үкімет жоғарыда аталған жобаларды қаржыландыру көздерін анықтау және оларды уақтылы аяқтау жөнінде қажетті шаралар қабылдауы қажет», - деді депутат.