2020 жылдың 23 қыркүйегі күні сағат 18:30 шамасында ауылішілік жол құрылысымен айналысушы мердігер мекеме "Бек-АқтауГазСнаб" ЖШС тарапынан жұмыс аяғында бақылаушы жауапты тұлғаның болмауына байланысты алдағы уақытта ауыстырылуға жататын газ құбырының үстінен асфальт жолын төсеп кеткен.
Мердігер мекеме кеткен қателіктері үшін жауапкершілікті толығымен өз мойындарына алды. Аталған жұмыстарды қалпына келтіру мердігер мекеме тарапынан жүргізіледі. Сондай-ақ, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-тың алынған техникалық шарт талаптарына сәйкес газ құбыры ауыстырылады.
Ауылішілік жолдың аталған бөлігін асфальттау газ құбырын ауыстырғаннан кейін жүргізіледі.