Театр • 24 Қыркүйек, 2020

"Астана Опера" театрының мобильді қосымшасы іске қосылды

228 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

"Астана Операның" сегізінші маусымы өзгеше форматта – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 50 адам келу мүмкіндігімен басталды, деп хабарлайды Egemen.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана Опера" театрының мобильді қосымшасы іске қосылды

Қазіргі таңдағы жағдайға байланысты басшылық аудитория ауқымын кеңейту әрі жасарту мақсатымен театрдың имидждік саясатын жаңғыртуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдады.

Осы бағыттағы алғашқы қадам – жаңа сайтты, мобильді қосымша мен театр бойынша виртуалды турды іске қосу.

"Заманауи технологиялар қарқынды даму үстінде, біз көрермендеріміздің қалауын ескердік, онлайн-режимде билеттерді сатып алу ерекшелігін пысықтадық, сайтымыздың дизайнын жеңіл әрі пайдалануға ыңғайлы етіп жасауға тырыстық. Елімізде ғана емес, шетелде де бағыт-бағдар беретін жоғары деңгейдегі театрды көрсету, сондай-ақ көрермендермен қатынасты жеңілдету міндеттері тұрды. Сонымен қатар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің алдына маңызды міндет қойғанын атап өткен жөн – ол цифрландыру саласындағы жұмысты жалғастыру. Мемлекет басшысының айтуынша, цифрландыру – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы. "Астана Опера" бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізуде", деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Астана Опера" директоры Ғалым Ахмедьяров. 

1

Жаңа маусымда театрдың мобильді қосымшасы іске қосылғанын айта кеткен жөн. Енді көрермендердің аталған қосымшаны жүктеп алып, спектакльдерге билеттерді жылдам таңдауы мен сатып алуына, эксклюзивті контентке қол жеткізуіне және премьералар мен сүйікті әртістерінің өнер көрсетулері туралы бірінші болып білулеріне мүмкіндіктері бар.

Технологияның басты серпілісі – City360.kz жобасы арқылы Astana Business Campus бағдарламасы аясында Назарбаев Университетінің қолдауымен жүзеге асырылған VR-тур виртуалды өмірдің жаңа сайтын енгізу болды. "Астана Операның" көрермендері әлем театрларының ішіндегі алғашқылардың бірі болып сайтқа кіруге, билет сатып алғанға дейін көрермен залынан орын таңдауға және нақты сол орыннан сахнадағы қойылымды көру қалай болатындығын білуге мүмкіндік алады. 

Соңғы жаңалықтар