Елорда • 24 Қыркүйек, 2020

Нұр-Сұлтанда балалар эко-алаңы пайда болды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордамызда балаларға арналған үлкен эко-алаңның бірі – Сарайшық көшесіндегі көпірасты кеңістігінде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-Сұлтанда балалар эко-алаңы пайда болды

Бұл жаңа қоғамдық кеңістік Триатлон және президент саябағын байланыстырады. Ойын алаңының жалпы ауданы 1088 м2.

"Алаңға әлі де шағын сәулет формалары қойылады. Экстремалды спорт әуесқойлары үшін паркур-алаң құру да жоспарланып отыр", делінген хабарламада.

Бұған дейін осындай көпірасты кеңістік Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанында салынған еді. Мұнда стритбол, скейт, воркаут және стрит-арт алаңдары ашылып, теннис үстелдері қойылды.

"Қазір Нұр-Сұлтан қаласының Урбанистика орталығы әйгілі чемпиондар – Жақсылық Үшкемпіров пен Денис Тенге арналған граффити салу үшін қолайлы орын қарастырып жатыр. Спорт жұлдыздарының есімдері әрбір отандасымыздың есінде қалары сөзсіз", дейді мамандар.

Айта кетсек, тұрғындар үшін барынша қолайлы жағдай жасап, жаңа тартылыс нүктелерін құру жұмыстары "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" тұжырымдамасы аясында іске асырылып жатыр.

Биыл елордада 150 аула абаттандырылып, 54 қоғамдық кеңістік салынды.