Пікір • 25 Қыркүйек, 2020

Ел дамуына серпін береді

298 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Әрине, әр Жолдаудың өз жүгі, өз жауапкершілігі, мән-маңызы болады. Шын мәнінде Жолдау ел дамуына серпін береді. Ел дамуындағы басым бағыттарды айқындайды. Міне, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы елдің әл-ауқатын, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталып отыр.

Ел дамуына серпін береді

Біздің халқымыздың 43 пайызы ауыл тұрғындары болса, жер көлемі жағынан еліміз әлемде тоғызыншы орында тұр. Енді байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер дегенді ескерсек, басты мақсат – ауыл тұрғындарын нәтижелі еңбекпен қамтамасыз ету, жерді ұтымды пайдалануға қол жеткізу болуы керек.

Президент өз Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес екенін нықтап айтты. «Біз гори­зонтальді кооперацияның әлеуетін де естен шығармауымыз қажет. Онсыз агроөнеркәсіп кешенінде қарқынды даму болмайды. Басы бірікпеген жеке қосалқы шаруашылықтар, шын мәнінде, өлместің күнін көріп отыр. Бұл ретте, сапалы әрі мол өнім өндіру, үздіксіз тауар жеткізу туралы сөз қоз­ғаудың өзі орынсыз. Бәсекеге қабілет­сіздік пен импорттан арыла алмай отыруымыздың себебі де осында» – деді Президент Қ.Тоқаев.

1

Шынында қазір шаруа қожалық­тарының саны көп болғанымен, сапасы жоқ, тіпті көбісінің аты бар да заты жоқ екенін жасырып қайтеміз. Қараңыз, мұндай ұсақ шаруашы­лық­тар ешқашан да жаңа техника алуға, қаржылық жеңілдіктер, жанар-жағармай, тыңайтқыштар, пестицидтер, қосалқы бөлшектер алуға қол жеткізе алмайды. Шаруашылық басшысы барлық жұмысты өзі атқаруға мәж­бүр. Ауыспалы егіс сияқты агротехнологияларды сақтай алмайды және қолы қысқа болғандықтан ештеңені жос­парлауға мүмкіндігі жоқ. Өндіріс­ті әртараптандыруға байланысты жұмыс­тар жүргізілмейді. Ал кооперация құрудың артықшылығы мынадай: мұнда арнаулы маман кооператив мүшелерінің ерекшеліктерін ескере отырып бухгалтерлік есеп жүргізеді және кооперативтің ортақ несие, басқа да көмектер алуға мүмкіндігі мол. Кооператив ішінде фермерлерді белгілі бір іске мамандандыруға болады. Қажетті затты бірлесіп арзан бағамен алуға, жергілікті жағдай­ды ескере отырып перспективті бағдарламалар жасауға мүмкіндік туады. Ауыс­палы егісті енгізу және заманауи техникаларды пайдалану мүмкіндігі де артады. Ең бастысы – ортақ табыс әркімнің үлесіне қарай бөлінеді және кооператив ішінде оңашаланған жекеменшік сақталады. Ерікті түрде әркім өз пайымен қалаған кезде кооперативтен шыға алады.

Әрине, кооперация құру оп-оңай, ол құрылғаннан кейін тірлік бірден алға басып кетеді екен ғой деп ойлау да қателік. Ауыл шарушылығы та­уар өндеушілері аянбай еңбек етумен қатар, алдын ала жоспарлауды, қолға алған тірлігін бір сәтке сараптап, болашағының баянды боларына көз жеткізуі керек, содан пайда табарына сенімді болуды үйрену керек. Шын мәнінде, дамыған мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамуымен және экономикалық өсумен айналысады. Міне, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз Жолдауында «субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу қажет» деген тапсырмасы бұл іске серпін береді деп ойлаймын.

Жер – таусылмас қазына, байлық. Десек те, көпшілік азаматтары­мыз жер игеріп, өнім өндіруде шара­сыз­дық танытып жүргені әрине, өкініш­ті. Жасыратыны жоқ, ауыл шаруа­шылығы экономикалық тұрғы­дан тиімсіз деген көзқарас, ауыл тұр­ғындарының көпшілігінің санасы­на берік орныққан. Әйтсе де, мемлекет соңғы жылдары бұл салаға үлкен қолдау жасап келеді. Тек «алма піс, аузы­ма түс» деп армандап жүре бер­мей, үлкен тірліктерге талпыну қажет. Шын ниетімен еңбек еткенге Жер-Ананың төсі иіп тұр емес пе?!

Яғни Президент қай буынды да белсенді, қайратты болуға, шаруаға бейім, уақыттың талабына сай іскер болуға үндеп отыр. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі мен оның халқының бақытты, бейбіт өмір сүруінің кепілі болады деп сенеміз.

 

Абдалы НҰРАЛИЕВ,

Сенат депутаты