Әлем • 25 Қыркүйек, 2020

Зеленский Украинада коронавирустың екінші толқыны басталғанын айтты

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украина президенті Владимир Зеленский елдегі коронавирустың екінші толқыны басталғанын жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Зеленский Украинада коронавирустың екінші толқыны басталғанын айтты

Президент Зеленскийдің пайымдауынша, қазір Украинада байқалған пациенттердің өсу қарқыны коронавирус эпидемиясының екінші толқынын көрсетеді.

Мемлекет басшысы эпидемияның алғашқы толқыны кезінде елде күніне 100-ден 300-ге дейін жағдай байқалғанын атап өтті. Қазір күніне 3000-нан астам жағдай тіркеледі.

Оның айтуынша, билік Украина азаматтарына да, елге келген шетелдіктерге де коронавирус қаупін төндіре алмайды. Сондықтан Зеленский шетелдіктерге кіруге тыйым салу туралы шешімді дұрыс деп санайды.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, Украинада коронавирустың 188 мың жағдайы тіркелді, 3,7 мың адам қайтыс болды, 83,4 мыңы сауығып кетті.