"Даму" Қорынан қолдау алған компаниялардың қатарына: кәріз құбырлары мен терезе профильдері ПВХ өндіретін Novus Polymer ЖШС, "Сұңқар" емдеу-диагностикалық орталығы мен телевизорлар құрастыратын Astro Engineering ЖШС кәсіпорны кірді.
ШОБ несие бойынша пайыздық мөлшерлемені азайту мүмкіндігі ұсынылған пайыздық мөлшерлемесі бөлігін субсидиялау шарттары бойынша кәсіпорындар өнім өндірісі мен қызмет көрсету шоғырын ұлғайтуға мүмкіндік беретін жабдықтар сатып алды.
Кәріз құбырлары мен терезе жақтаулары ПВХ өндіретін зауыт Novus Polymer ЖШС 12 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Өнім өндірісінің жалпы әлеуеті жылына 30 мың тоннадан асады. Бүгінгі таңда компания штатында 300 қызметкер жұмыс істейді.
"Біздің кәсіпорын "Даму-Өндіріс" бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдауға ие болды. 6% жылдық мөлшерлемемен 300 млн теңге сома несиені "Қазақстан Халық банкі" АҚ мақұлдады. Аталған қолдаудың арқасында біз компанияның айналымдық қаражатын толтырдық", деп атап өтті бизнесті дамыту жөніндегі директор Шұға Самиева.
"Даму" қорының қаржылық қолдауына ие болғандардың тағы бірі – жас компания Astro Engineering. Ұйым 2018 жылдан бері TCL сауда маркасы телевизорларын құрастырумен айналысады. Бүгінгі таңда Astro Engineering Алматы қаласындағы тұрмыстық техниканы сататын барлық ірі желілерде ұсынылған.
"Биыл компания "Даму-Өндіріс" бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдауды пайдаланды. 600 млн теңге сомасына қажетті шикізатты сатып алуға жеңілдікпен несиені "Қазақстан Халық Банкі" АҚ алдық. Бағдарлама бойынша мөлшерлеме жылдық 6%-ды құрады", дейді компания директоры Асхат Алтаев.
"Сұңқар" емдеу-диагностикалық орталығы" медициналық қызмет көрсету нарығында 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді, бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жабдықтар сатып алуға жеңілдікпен несие алу мүмкіндігіне ие болды.
"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы шеңберінде біздің компания екінші деңгейлі банктен 14% жылдық мөлшерлеме бойынша 550 млн теңге сомасына несие алды, оның 8,4%-ын "Даму" қоры субсидиялайды. Несиеге алған қаражатқа компания жабдықтар – МРТ және КТ аппараттарын сатып алды", деді "Сұңқар" ЕДО директоры Қуаныш Керімқұлов.