Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2020

Қайырымдылықты да пайдаланатындар көбейді...

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көмекке мұқтаж жандардың деректерін жазып алып, жәрдем ретінде аударатын немесе қарызға беретін ақшаны аудару үшін өзінің есепшотын көрсететін алаяқ көп, деп хабарлайды Egemen.kz

Қайырымдылықты да пайдаланатындар көбейді...

"Дана деген қызға жедел ота жасау керек, жағдайы ауыр, соған көмектесіңізші" деген фотосы мен жазуы бар қобдиша ұстап, оған ақша салуды сұрап жүрген жас жігіттер мен қыздарды жиі көруге болады. Бұлардың біразы еріктілер емес, алаяқтар болып шықты.

"Фотода менің атымнан жазылған нөмір көрсетілген, профильде менің фотосуретім тұр. Ақша сұрайды! Олар алаяқтар. Өтінемін, ештеңе аудармаңыз. Мен біреуге хат жазып, бір нәрсе сұраған емеспін! Сақ болыңыз", деп Дана есімді желі қолданушысы өзінің Instagram парақшасында хабарлама жариялаған. Осындай ескертуді тағы бір белсенді блогер өзінің парақшасында жазған.

"Өкінішке қарай, мұндай фактілер жиі кездеседі. Соңғы үш жылда осындай қарапайым алдау әдісін алаяқтар жиі пайдаланып келеді", дейді Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Петр Климов.

Көмекке мұхтаж жандардың деректерін жазып алып, жәрдем ретінде аударатын немесе қарызға беретін ақшаны аудару үшін өзінің есепшотын көрсететін алаяқ көп. Біздің адамдардың жүректерінің жұмсақ, мейірімді екенін біліп, осылай пайдаланатын алаяқтар да шығыпты.

Жыл басынан бері интернет-алаяқтардың осындай қарапайым айла-амалдарына түсіп қалған үш солтүстікқазақстандық полицияға жүгінген.