"Министрлік қазіргі уақытта Қазақстанға көліктің әртүрлі түрімен келіп жатқан жолаушылар бойынша жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қазір Қазақстанға жолаушылар екі жолмен – автокөлікпен немесе ұшақпен келеді. 24 қыркүйекте біздің елге ұшақпен 2 127 адам келді. Оның 2008-і – әуе жолаушылары болса, 119-ы экипаж мүшелері. Аталған жолаушылардың ішінде 479 адамда ПТР-тест анықтамасы болды. Ешкім де ауруханаға жатқызылған жоқ. Себебі олардың ешбірінен коронавирус инфекциясы анықталмады", деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында 8 білім ордасында коронавирустың 12 жағдайы тіркелгенін хабарлаған едік.