Ғылым • 28 Қыркүйек, 2020

Торайғыров университетінде сұйық сабын өндірісі басталды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа гигиена құралы міндетті сертификаттаудан өтіп, өндіріс іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.

Торайғыров университетінде сұйық сабын өндірісі басталды

Химия және химиялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Мәдениет Елубайдың пікірінше, сабын қайнату жаңа емес, дегенмен, ғалымдар идеяларын коммерцияландырып жатыр. Оны іске асыру үшін грант ұтып алды.

"Дүкендерде сатылатын тауар шығару туралы көп ойландық. Себебі, нарықта көп кездеседі. Дегенмен, біздің өнімді көтерме саудамен айналысатындар мен кәсіпорындар сатып алады. Біздің артықшылығымыз - бағасы мен сапасында. Біз арзан өнімді отандық шикізаттан жасаймыз. Негізгі компоненттер Қазақстанда шығарылған", дейді М.Елубай.