Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2020

Атырау қаласының жартысына газ беру тоқтайды

734 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жайық өзенінің оң жағалауындағы тұрғын үйлер мен өзге де нысандарға екі күн бойы табиғи газ беру тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау қаласының жартысына газ беру тоқтайды

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Атырау филиалы 30 қыркүйек пен 1 қазанда Жайық өзенінің оң жағалауындағы тұрғын үйлер мен нысандарға газ берілмейтінін ескертеді. Жылыту маусымы алдында газ желілеріне тексеру жұмысын жүргізу үшін газды уақытша өшіруге тура келіп тұр" делінген компания филиалы таратқан ақпаратта.

Бұдан бұрын Жайық өзенінің сол жағалауында да газ беру тоқтатылған еді.