Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда сенаторлар "2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте қол қойылған Хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарады.
Заң жобасы Люксембург аумағында тіркелген кәсіпорындардың акцияларын иеленген жағдайда Үкіметке төленетін дивидендтерге салық төлеуден босатуды қарастырады.
"Қолданыстағы Конвенцияға толықтыру енгізу төленетін дивидендтерді мемлекеттік меншікке байланысты салық салудан босату арқылы ел бюджетінің мүдделерін қорғау қажеттілігінен туындады", деді Ғұмар Дүйсембаев.
Құжат Палатаның қарауына жолданды.