Елбасы • 28 Қыркүйек, 2020

Елбасы "Ұлы дала елі" орталығына барды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласындағы сапары барысында "Ұлы дала елі" орталығына барды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елбасы "Ұлы дала елі" орталығына барды
Шара барысында Елбасы орталықтың "Ұлы Дала Металлургиясы", "Ұлы даланың атты өнерінің мәдениеті" және "Қазақстан – түркі әлемінің бесігі" атты экспозициялық кешендерімен танысты.
 
Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті "Қазақ хандығы", "Ұлы даланың қала мәдениеті", "Қазақстан - алма мен қызғалдақтың отаны" және "Болашақ Қазақстан" атты тақырыптық залдарды аралады.
 
Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев қала орталығында орналасқан 120 орындық жаңа қонақ үй кешенімен де танысты.
 
Аталған кешен қонақ үй қызметін көрсетуде жоғары стандарттарды қатаң сақтайтын "Rixos" халықаралық қонақ үй желісінің бөлігі.
Әлемдік деңгейдегі қонақ үй отандық инвестордың қаражатына салынып, қала үшін жүзден астам жұмыс орнын берді.