Қоғам • 29 Қыркүйек, 2020

Сотталғандар үшін дәрі-дәрмек бөлінді

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының әкімдігі Қылмыстық атқару жүйесі меке­ме­сіндегі сотталғандар арасында коронавирус инфекциясы­ның алдын алу мақсатында 1 млн теңгеге жуық дәрі-дәрмек бөліп, қам­қорлық танытты.

Сотталғандар үшін дәрі-дәрмек бөлінді

Елімізде төтенше жағдай жа­рия­­ланған алғашқы күннен бас­тап қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандар арасында COVID-19 індетін таратпау бо­йынша алдын алу шараларын қабыл­дады. Меке­ме­лерде сани­тарлық-де­зин­фекциялық ре­жім сақталып, бірінші кезекте сотталғандардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін барлық алдын алу шаралары алгоритмге сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылды.

«Қазіргі таңда індеттің екінші кезеңі күтілуіне байланысты облыстағы тиісті органдармен сотталғандар арасында жедел респираторлы вирусты инфекция­лар мен коронавирустық инфек­циялардың таралуын бол­­дырмауға және алдын алуға бағытталған бірлескен іс-шаралар жос­па­ры бекітілді. Осы жоспар не­гі­зінде қазіргі таңда тиісті бір­қа­тар жұмыс атқарылды. Нәти­же­сінде, облыстық Қо­ғам­­дық ден­сау­лық сақтау бас­қар­масынан сот­талғандардың иммунитеттерін ны­ғайту мен COVID-19 індетінің алдын алу мақсатында қызуды, қақырықты түсіруге арналған дәрілер, инфек­цияның алдын алуға ар­налған антибиотиктер мен им­мунитетті көтеруге арналған дә­ру­мендер берілді», дейді ҚАЖ департаментінің санитар-дәрігері Айдана Мэлсқызы.

Бұған дейін де Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен сотталғандарға бір реттік 1 мың дана қолғап пен 2 мың дана бетперде берілді.