29 Қыркүйек, 2020

Білім және ғылым министрі Ұлттық кеңестің ұсыныстарын назарға алып, жұмыс істеуде

171 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Министр А. Аймағамбетов ағымдағы жылдың мамыр айында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қойған міндеттері туралы егжей-тегжейлі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба жариялады.

Білім және ғылым министрі Ұлттық кеңестің ұсыныстарын назарға алып, жұмыс істеуде

Ағымдағы жылдың 27 мамырында ҚР Президентінің қатысуымен білім беру және денсаулық сақтау мәселелеріне арналған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өткен болатын.

Отырыста Президент кеңес мүшелерінің назарын білім беру саласына байланысты міндеттерге аударып, білім беру саласын қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігін атап өткен. Бұның нәтижесінде еліміздегі білім беру сапасы мен мектеп инфрақұрылымы дамыған елдерден айтарлықтай артта қалуға алып келген.

«Оқушылардың білім деңгейін халықаралық бағалау нәтижелері Қазақстанның дамыған елдерден едәуір артта қалғанын көосетіп отыр. Мұның себептері көп, бастысы — білім беруге бөлінетін қаражаттың жеткіліксіздігі және осы саладағы реформалардың жүйесіздігі мен дұрыс ойластырылмаған» - деді Президент отырыста. Ол педагогикалық мамандықтарға түсу үшін талаптарды арттыру қажет екенін және оның тартымдылығын арттыру үшін стипендияны 26 000 теңгеден 42 000 теңгеге дейін арттыру қажет екенін атап өтті.

Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің мамырдағы жиында жасаған ұсыныстары қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы баяндады:

«Ағымдағы жылдың мамыр айының соңында ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда басты тақырып білім мен ғылымды дамыту болды.

ҰКСҚ отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы білім және ғылым жүйесін ілгерілетуге бағытталған маңызды тапсырмалар берді.

Осындай тапсырмалардың бірі педагогикалық мамандықтарға түсетін талапкерлерге сынақ сапасын арттыру және бір мезгілде стипендия мөлшерін 42 мың теңгеге дейін өсіру болды.

Өткен жылы стипендия мөлшері 21 мың теңгені құраса, содан кейін желтоқсан айында, Президенттің тапсырмасынан кейін 26 мыңға дейін өсті, енді 1 қыркүйектен бастап болашақ оқытушылар 42 мың теңге мөлшерінде ең жоғары стипендия алатын болады. Кешеден бастап студенттер жоғары стипендия ала бастады.

Сондай-ақ, осы жылдың маусым айында педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл бірден 70-ке көтерілді.

Осы шаралардың және «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануының арқасында биылдың өзінде педагогиканы таңдаған «Алтын белгі» иегерлерінің саны 1,7 есеге артты. Ал көптеген бағыттар бойынша орташа балл 100-ден жоғары болды. Бірнеше жыл бұрын педагогикаға түсушілердің орташа балы шамамен 65-ті құраған. Демек, енді бұл салаға жоғары балдары бар білімі мықты түлектер түсе бастады.

ҰҚСК тапсырмалары аясында қыркүйек айынан бастап докторанттардың стипендиясы 102 мыңнан 150 мың теңгеге дейін ұлғайды. Мұндай шара жас ғалымдарға жақсы қолдау болады деген сенімдемін. Өйткені докторанттардың көбісінің отбасылары бар және бұл олардың зерттеулерін жүргізумен айналысуына мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, 2020 жылғы қыркүйектен бастап мемлекеттік гранттың құны еселеп өсті, бұл жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын өсіруге және МТБ-ны нығайтуға мүмкіндік береді.

ҰҚСК қорытындысы бойынша берілген Президенттің барлық тапсырмалары ерекше бақылауда және белгіленген мерзімде орындалатын болады», - деп жазған А.Аймағамбетов.

 

«Үшінші отырыс аясында министрлік алдында ҰҚСК мүшелері дайындаған міндеттер айтылды. Еліміздегі карантин мен енгізілген төтенше жағдайға қарамастан, Ұлттық кеңестің Білім министрлігіне қойған барлық міндеттері толық көлемде жүзеге асырылуда. Алға қойылған міндеттер бойынша барлық ведомстволардан осындай белсенді және жедел кері байланысты күтеміз» - дейді Президенттің көмекшісі, Ұлттың кеңестің хатшысы Ерлан Қарин.