Туризм • 30 Қыркүйек, 2020

Экотуризмді дамыту – еларалық мәселе

1328 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ұлттық парктер аумағында туризмді дамыту – әсіресе пандемия жағдайында өзекті мәселе болып отыр. Көптеген қазақстандық өздері үшін табиғи аумақтардың сұлулығын жаңа қырынан ашқаны белгілі. Өкінішке қарай, туристерге әрдайым жеткілікті деңгейде қызмет көрсетілмейді, сондай-ақ туристер бұл нәзік экожүйелерде өздерін дұрыс ұстай білмейді.

Экотуризмді дамыту – еларалық мәселе

Мәдениет және спорт минис­трлігінің Туризм индустриясы комитеті мен Kazakh Tourism ҰК АҚ осы қуатты табиғи және ту­ристік ресурсты табысты дамы­ту үшін АҚШ-тың Ұлттық парк­тер қызметінің тәжірибесіне жү­гінеді. Жуырда АҚШ-тағы ерек­ше қорғалатын аумақтарды бас­қарудың америкалық моделін пай­далана отырып, Қазақстанның ұлттық парктерінде экотуризмді да­мытуға арналған онлайн ре­жім­­дегі алғашқы жұмыс кез­десуі өтті.

Іс-шараны АҚШ Ұлттық парк­терін дамыту жөніндегі уәкі­летті органның (АҚШ-тағы ұлт­тық парк­терді дамыту жөніндегі уә­кілетті орган) қолдауымен Kazakh Tourism ҰК АҚ және Сан-Фран­цискодағы Қазақстанның Бас консулдығы ұйымдастырды. Руди Д’Алессандро, АҚШ Ұлт­тық парк­тер қызметінің Ха­лық­аралық істер жөніндегі басқар­масы (Rudy D’Alessandro, Office of International Affairs, USNPS) қаты­сушылармен АҚШ-тағы ұлт­тық парктердің бизнес-про­цес­терін басқару тәжірибесін бөлісті

«Ұлттық парктер қызметінің 14 мыңға жуық тұрақты қызмет­кері бар. Жұмысқа ерік­тілер де тартылады. Парк рейнд­жер­лері ке­лушілер үшін контент жасау­ға, заңдардың сақталуын қам­тамасыз етуге немесе табиғи ресурстарды басқаруға мамандандырылуы мүмкін. Сондай-ақ паркте парк полициясы, өрт сөндіруші, биолог, эколог, тарих­шы, қызмет көр­сету инженері, сәулетші және өзге де көптеген қыз­меткер жұ­мыс істейді», деді Қ.Садуақасов.

Сонымен қатар Ұлттық парк­тердің қызметкерлері қазіргі уа­қытта жеке бизнеспен жыл сайын 1 миллиард доллардан астам сомаға қызмет көрсететін, 500-ден астам концессиялық ке­лісімшарт жасалғанын атап өтті. Құрамына қалалық парктер кіретін Парктер қызметін қар­жы­ландырудың, жалпы алғанда, 85%-ы бюджеттік түсімдерден тұрады.

Өз кезегінде, Kazakh Tourism ҰК АҚ Басқарма төрағасының орын­­басары Қ.Сәдуақасов Қа­зақстан­ның ұлттық табиғи парк­­терінің туристік әлеуеті туралы ай­тып, америкалық әріптес­тер­мен тығыз қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.

«Туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді басқа­рудың жаңа моделін енгізу көз­деледі. Осыған байланысты, уә­кілетті органдармен бірлесіп, қа­­зақстандық тарап америкалық әріп­тестерінен ұлттық парктерді бас­қарудың табысты тәжірибесін алуға мүдделі. Сонымен қатар ту­­рис­­­тердің мәдениетін арттыру маңыз­ды, бұл ретте америкалық әріп­­тестердің біз зерттеп, қа­был­да­­ғы­мыз келетін сәтті тәжіри­белері бар».

Сөз сөйлеу барысында екі тараптан биоалуантүрлілікті сақ­тау мен туризмді дамыту ара­сындағы тепе-теңдікті сақтау­дың маңыздылығына баса назар аударылды. Сонымен қатар АҚШ-та бала кішкентай кезінен бастап парктердегі мінез-құлық мәдениеті әртүрлі оқу бағдар­ла­малары мен ойындар арқылы тәр­биеленеді.

Іс-шара қорытындысы бо­йын­­ша тараптар тығыз ынты­мақ­тастықты жалғастыруға жә­не АҚШ Ұлттық парктерінде эколо­гиялық туризмді жүзеге асыру заңнамасы, мемлекеттік-жеке мен­­шік әріптестік, рекреациялық жүк­темені айқындау, ұлттық парктерге келушілер санын реттеу, во­лонтерлік қызметті жүзеге асыру және мектеп оқушыларын білім беру процесіне тарту тақы­рып­тары бойынша онлайн-форматта бірқатар қосымша кездесу өткізуге келісім жасады.