Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2020

Картоп өсірушілермен меморандум жасалды

489 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өткен жылы өңірде 512 мың тонна картоп алынған, ал, биылғы өнім  564 мың тоннаға дейін жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Картоп өсірушілермен меморандум жасалды

Бұл өңірдің өнімге деген қажеттілігінен едәуір асып түседі. Сондықтан, облыс әкімдігінде өткен жиын барысында картоп өсіруші фермерлерге алынған өнім көлемінің 15 пайызынжергілікті тұрғындардың қажеттіліктеріне қалдыру ұсынылды.

Жиында осы мәселеге орай өңірдегі картоп өсіруші  15 фермерлік шаруашылық басшыларыменмеморандум жасалды.   

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өткен жылы көктемде картоптың бағасы бір келісі 140 теңгеге жеткенін еске салды.

Яғни, картоптың басым бөлігі өсірілетінөңірімзіде енді бұл жағдайдың қайталанбауы тиісекенін ескертті. 

артоп бағасының қымбаттағаны түсінбестік туғызды", деді облыс әкімі.-Сондықтан, маусымаралық кезеңге белгіленген баға бойынша көкөніс өнімдерінің қорын қарастыруымыз керек. Картоптың бағасын өсіріп сататын алыпсатарларды бақылау қажет.

"Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бар екенін түсінеміз.Енді картоп пен басқа да көкөністер бағасының өсуіне жол берілмейді", деп атап өтті "Ақтоғай Агро" ЖШС басшысы Александр Терентьев. – Мен меморандумға қол қоюға дайынмын және әріптестерім де дайын деп ойлаймын.  

Бірақ, фермерлер  індетке байланысты шекаралар жабылған кезде Ресей нарығын жоғалтты. Қазір Өзбекстанға картоп жеткізу мәселесі де қиындай бастады.

"Сондықтан біз осы көктемде көкөніс өнімдерін шетелге шығаруға тыйым салынуы мүмкін бе деп те ойлаймыз, көпшілігіміз экспорт тізбегін жылдар бойы қалыптастырып алған едік", деді А. Терентьев.

Облыс әкімдігі фермерлерге  картоп пен көкөніс өнімдерін өткізуде еліміз бойынша ішкі нарыққа шығаруға қолдау көрсететінін, меморандум барасында қандай да бір өзгерістер болған жағдайда олар құжаттың шарттарын әрдайым талқылай алатынын атап өтті.


ПАВЛОДАР