Аймақтар • 01 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанда мұғалімдердің құқығын қорғайтын кеңес жұмыс істейді

266 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеңестің басты міндеті – педагогикалық әдепті қамтамасыз ету және сақтау, мұғалімдер құқықтары бұзылуының алдын алу, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Бұл туралы брифинг барысында білім беру саласындағы сапаны бақылау департаментінің басшысы Бағымкүл Көптілеуова мәлімдеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтанда мұғалімдердің құқығын қорғайтын кеңес жұмыс істейді

"Осы жылдың тамыз айынан бастап пилоттық жоба іске қосылып, кеңес жұмысы басталды. Оның құрамына білім беру жүйесімен таныс беделді адамдар мен білікті мамандар кірді. Бүгінгі таңда ережелер, жұмыс жоспары мен отырыстар кестесі бекітілді", - деді Бағымкүл Көптілеуова.

ПӘК мүшелері Педагогтердің республикалық тамыз кеңесі шеңберінде ҚР БҒМ сессиялық отырыстарының жұмысына белсенді қатысты. Қыркүйек айында Педагогикалық әдеп мәселелері жөніндегі кеңес елордалық бес білім беру ұйымының ұжымдарымен "педагог дауысы" ашық диалог форматында кездесулер өткізді. Іс-шара барысында мұғалімдер жағдайды жақсарту бойынша өз пікірлерін, ұсыныстарын білдірді. Алдағы уақытта мұндай кездесулер жалғасатын болады.

"Елордалық педагогтар өз құқықтарын қорғау бойынша кеңес ала алады және кеңес мүшелеріне өз дауыстары жететіндеріне сенеді. Жұмыс басталғаннан бері өз құқықтарын қорғау бойынша көмек алу үшін бізге Нұр-Сұлтан мектептерінен он педагог жүгінді, олардың мәселелерін шешіліп, көмек көрсетілді", – деп атап өтті спикер.

Сонымен бірге, кеңес шағымдарды қарау бөліміне айналмауы керек деп баса айтылды. Кеңестің білім беру ұйымдары басшыларының есептерін тыңдауға, білім беру саласындағы заңнаманы сақтау мәселелерін қарауға, мемлекеттік органдардан қажетті ақпарат алуға, заң нормаларын бұзатын адамдарды лауазымнан босату жөнінде ұсыныстар енгізуге, сондай-ақ Нұр-Сұлтан әкіміне жүгінуге құқығы бар.

Пилоттық жобаны іске асыру қорытындысы бойынша, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестерді еліміздің барлық өңірлік департаменттерінде құру жоспарлануда.