Аймақтар • 01 Қазан, 2020

“Білім саласына қосқан үлесі үшін” төсбелгісін алуға 659 өтініш түскен

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше конкурсқа қатысуға келіп түскен қатысушылар өтініші комиссия мүшелері тарапынан қаралған, деп хабарлайды Egemen.kz.

“Білім саласына қосқан үлесі үшін” төсбелгісін алуға 659 өтініш түскен

- Ең алдымен авторлық еңбектер ерекше бағаланады, - дейді басқарма басшысы Дінислам Болатханұлы.- Мұғалімдер күніне орай үздік ұстаздар 3 миллион теңгелік сыйақыға ие болмақшы.

Байқауға қатысушы өңір мұғалімдерінің Халықаралық деңгейдегі жетістіктері мен кәсіби жетістіктеріне мән беріледі. Қатысушылардың педагогикалық еңбек өтілі 10 жылдан кем болмауы тиіс. Сонымен, ертеңгі   Ұстаздар күні қарсаңында байқау қорытындысы бойынша өңірдің 15 мұғалімі «Өңірдің білім саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгі және ақшалай сыйақыға ие болады.

Ал, өтініш беруге үлгермеген  мұғалімдер 16-шы желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі алдында қатысуға болады.

Бұл мерекеге арнайы ашық конкурс өткізіліп, тағы 35 ұстазға төсбелгі табыс етіледі. 

Ұстаздарды   марапаттау 2-ші қазанда облыс  орталығында өтеді, Тамыз конференциясы өткен форматта жүзеге асырылмақ.

Соңғы жаңалықтар