Қоғам • 02 Қазан, 2020

Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актерлері марапатталды

394 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласындағы М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры жаңа 120-мерейтойлық театр маусымын ашты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актерлері марапатталды

Естеріңізге сала кетейік, өзін-өзі оқшаулау кезеңінде шығармашылық топ астаналықтарды қойылымдарымен және әлеуметтік желілердегі сюжеттер мен сұхбаттарымен қуантқан болатын. Артистер бейнематериалдар дайындап, челлендждерге қатысты, өз өнерін онлайн режимінде театр жанкүйерлеріне ұсынды.

Мерейтойлық маусымның ашылуына орай театр актерлер медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

120-шы театр маусымының ашылу салтанатына қатысқан Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды. Сондай-ақ ол «Еңбек ардагері» медальдарын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Наталья Косенкоға,  «Мәдениет саласының үздігі» Наталья Матвееваға, ҚР еңбек сіңірген артисі, театрдың бас режиссері Бекпулат Пармановқа табыстады; «Мәдениет саласығы үздігі» төсбелгілері театрдың директоры Айболат Жаудырға, актерлар Иван Анопченкоға, Оксана Бойкоға, Игорь Сединге, өндіріс бөлімінің бастығы Руслан Мухамадиевке, бас әкімші Татьяна Шульженкоға, кадрлар инспекторы Жанар Мубараковаға берілді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің алғыс хаттарымен  театр артистері Нина Дроботова, Маргарита Мухаметдиева, Лариса Лебедева, электрлік цех меңгерушісі Айдын Досаев марапатталды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің алғыс хаттарымен Татьяна Алиева, Мария Бандышева, Айжұлдыз Бауланова, Евгений Карачаров, Болат Кирибаев, Александр Корженко, Людмила Крючкова, Анастасия Кумбароски, Александра Кустовская, Серик Кушкумбаев, Александр Лукашевич, Арайлым Мусабаева, Айнагуль Сулейменова, Найля Терехина, Надежда Шевченко, Данил Хомко марапатталды.

Айта кетейік, соңғы театрлық маусымда ғана ұжым бірнеше театр фестивальдеріне қатысты. Атап айтқанда, ұжым «Театр. Бірлік аумағы» Халықаралық театр фестивальдері одағының 1-ші фестивалінің лауреаты Дипломы мен статуэткасын алды (Владимир, РФ). «Театрлық күз» 1-ші аймақаралық фестивальде (Көкшетау қ.) қазылар алқасының шешімімен «Язычники» драмасы «Үздік қойылым» номинациясында жеңіске жетті; С.Матвеевтің «Пушкин» жеке қойылымы Көкшетауда өткен II Республикалық кіші театр фестивалінің лауреаты болды. Қырғызстан Республикасының халық артисі, Мәдениет қайраткері Сергей Матвеев «Үздік ер адам рөлі» сыйлығымен марапатталды. Ұжым Семейде өткен ҚР халық әртісі Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған XXVII Республикалық театр фестивалінде «Үздік актерлік ансамбль» сыйлығы мен дипломының иегері.