Парламент • 02 Қазан, 2020

Сенаторлар кәсіпкерлермен тиімді қолдау шараларын талқылауда

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті тиімді мемлекеттік қолдау шараларын талқылау үшін қауымдастықтармен және шағын және орта бизнес субъектілерімен кезекті кездесу өткізді. Сенат депутаттары Парламенттік тыңдауға дайындалуда, онда ел экономикасын жаңа жағдайда дамыту мәселелері қаралатын болады.

Сенаторлар кәсіпкерлермен тиімді қолдау шараларын талқылауда

Парламенттік тыңдаудың алдында сенаторлар кәсіпорын иелерімен бар проблемаларды талқылайды. Бұл жолы депутаттар көлік ұйымдары, өңдеу өнеркәсібі, фермерлер, қызмет көрсету саласы қауымдастықтарының өкілдерімен кездесті.

Сенатор Дәурен Әділбеков депутаттық корпустың барлық жұмысы бизнесті, ең алдымен шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюға бағытталғанын атап өтті.

Кәсіпкерлер ШОБ дамуын тежейтін бірқатар проблемалар мен тәуекелдерді атап өтті: жеңілдетілген кредиттердің шектеулілігі мен қолжетімсіздігі, жоғары пайыздық мөлшерлемелер, салық жүктемесі, үй-жайлар үшін үлкен жалдау ақысы, ЕАЭО шеңберінде елеулі кедергілер, алып қоюлар мен шектеулер, мемлекеттік қолдау шараларын алу кезіндегі бюрократиялық кедергілер және тағы да басқалар.

Сенаторлар ШОБ өкілдерін барлық мәселелерді пысықтап, оларды Комитеттің жұмыс отырыстарына және Палатаның қарауына шығаратынына сендірді.