Әдебиет • 03 Қазан, 2020

Қызылордада "Сөз маржаны" зияткерлік байқауы өтті

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясының "Қазақтану" республикалық ғылыми-ағарту жобасы аясында "Сөз маржаны" облыстық зияткерлік байқауы өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылордада "Сөз маржаны" зияткерлік байқауы өтті

Жастар арасында, оның ішінде этнос оқушыларына мемлекеттік тілді насихаттау, қолдану аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуды көздеген байқауды "Қоғамдық келісім" КММ аға сарапшысы, "Абай қазынасына саяхат" клубының жетекшісі Гүлзира Сәрсенбек жүргізді.

"Кім тапқыр", "Қайым айтыс", "Құпия сөз", "Балама мағына", "Тіл өнері" кезеңдері бойынша сынға түскен қатысушылар мақал-мәтелдердің жалғасын айту, ой-тұжырымын ашу, қойылған жұмбақтың шешімін тауып, фразеологиялық сөз тіркестерінің балама мағынасын айту сынды шарттарды орындап, үздіктер анықталды.

Байқауға облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты тілдерді оқыту орталығының аға оқытушысы Айдана Махамбет, "Қоғамдық келісім" КММ бөлім басшысы Айбек Дайрабай қазылық жасап, мықтыларды анықтады.

Сайыс нәтижесінде жүлделі 1 орынды №198 орта мектебінің оқушысы Луиза Садиги, 2 орынды №7 мектеп-лицейінің оқушысы Мухамеддали Гафуров, 3 орынды №7 мектеп-лицейінен Ильяна Ким иеленді. Жүлдегерлер мен олардың жетекшілері бағалы сыйлықтармен марапатталды.