Дайындық барысының таныстырылымына 16 бірлік құтқару техникасы және облыс орталығының коммуналдық қызметтерінің 150-ден астам арнайы көліктері қатысты.
Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовқа ТЖД бастығы Ернұр Өтегенов хабарлағандай, алдағы қысқа 47 бірлік жоғары техника, резервтік қоректендіру көздері және жанар-жағармай материалдарының қоры дайындалған.
Солтүстіктің ызғарлы қысы, аязы, қалың қарын қарсы алуға – әкімдіктер ерте жұмыс бастайды.
Әсіресе жол бойындағы жүргіншілер, көліктер жағдайы,қауіпсіздік мәселелері қалалық, облыстық коммуналдық қызметтерден, төтенше жағдай департаментінен өте тыңғылықты дайындықты талап етеді.
Ал қала басшысы Ержан Иманслямның мәлімдеуінше, облыс орталығында 159 бірлік қар жинайтын техникасы барын,қаланы қардан "Горкомхоз" ЖШС және "Холдинг Трансс" ЖШС мердігер ұйымдар тазалайды.
"Бірінші кезектегі міндет қоғамдық көліктің жүруін және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету", деді Ержан Иманслям.
Ай сайын 12 рет қар шығару және 12 рет құм себу жоспарланды. Қар шығаруға арналған полигондар анықталып қойған. Скверлер мен саябақтарда жұмыс істеу үшін шағын тракторлар іске қосылады.