Қоғам • 05 Қазан, 2020

Өткен аптаның айшықты жаңалықтары

301 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өткен аптада елде және әлемде бірқатар оқиға болды. Атап айтсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түркістан қаласына барды. Тұңғыш Президент сапар барысында "Түркістан-Арена" стадионына және "Конгресс Холл" көпфункционалды концерт залына барды. Сонымен қатар ол халықаралық әуежайдың ашылу рәсіміне қатысты.

Өткен аптаның айшықты жаңалықтары

Еліміздің төрт облысында құс өлімі тоқтады

Құстардың қырылуы Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды ​​облыстары мен Шымкентте тоқтады. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында өлім деңгейі төмендеді. Жалпы, құс өлімі 7 облыстың 41 ауданындағы 99 елдімекенде тіркелді. 

1

Үздік ауыл әкімдері анықталды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында "Үздік ауыл әкімі" республикалық байқауы аяқталды. Үздік ауыл әкімі болып Алматы облысы Іле ауданының Боралдай кенті әкімі Данияр Қоңырбаев анықталды.

2

Дональд Трамп коронавирус жұқтырды

АҚШ президенті Дональд Трамп және оның әйелі Меланья коронавирус жұқтырды. Коронавирус жұтырған АҚШ Президенті Дональд Трамп Вашингтондағы Уолтер Рид әскери госпиталіне жатқызылды.

7

Қызылорда облысының 4 ауданында жүздеген жылқы қырылып жатыр

Қызылорда облысының шаруалары жүздеген жылқы белгісіз аурудан қырылғанын айтып, дабыл қағуда. Жылқылардың мұндай ауруға ұшырағаны бірінші ай емес екені айтылды. Орташа алғанда, жануар шамамен 10 күн ауырады, тамақ жемейді, арықтайды, содан кейін өледі. Ауру облыстың төрт ауданында ресми түрде расталды.

7

АҚШ-тың MTV телеарнасында Димаштың қазақ тіліндегі клипі шықты

MTV телеарнасында және арнаның YouTube-тегі ресми парақшасының "MTV’s Friday Livestream" бағдарламасында Димаш Құдайбергеннің "Qairan Elim" әнінің бейнебаяны қазақ тілінде көрсетілді.

9

Президент ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Президент мұғалімдердің ағартушылық қызметі және жас буынды тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбегі әрдайым жоғары бағаланатынын айтты. Сонымент қатар ол күрделі кезеңге қарамастан мемлекет мұғалімдерге қолдау көрсете беретінін жеткізді. Бұл атаулы күн 1965 жылы 29 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Бұйрығымен белгіленген. Бүгінгі таңда Қазақстан, Беларусь, Латвия және Украина Мұғалімдер күнін қазанның алғашқы жексенбісінде атап өтеді.

3

Абайдың қара сөздері алғаш рет индонезия тіліне аударылды

Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшілігі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірге Абай Құнанбайұлының Индонезиялық тіліндегі "Қара сөздердің"  онлайн- тұсаукесерін өткізді. Данияр Сарекенов іс-шараның ашылу салтанатында Абайдың әлемнің көптеген тілдеріне аударылған ең жарқын шығармаларының бірі болып табылатын "Қара сөздер" индонезиялық оқырмандар үшін алғаш рет ұсынылып отырғанын және олар дана ақынның шығармалары арқылы қазақ халқының рухани байлығы мен мәдениетін біле алатынын атап өтті.

3

Қазақстанда ет бағасы қымбаттауы мүмкін

Елімізде жыл соңына дейін қой еті қымбаттауы мүмкін. Өңірлерде шығып жатқан құс тұмауы ақ еттің күрт азаюына алып келсе, сиыр мен қой етіне сұраныс артады.

3

Камчатка жағажайында теңіз жануарлары шетінен қырылып жатыр

Ресейдің Камчатка жағажайында теңіз жануарларының өлі денесі жағалау беттеріне толып қалған. Greenpeace Russia-ның мәліметінше, осы жайт Камчаткадағы кәсіби серфингшілер жиналатын туристік орталық Халактырский жағажайында болған. Халактырский жағажайындағы судың түсі өзгеріп, адам денсаулығына қауіп төндіріп жатқанын айтады. Соңғы бірнеше аптада суға түскен адамдардың тамағы ісіп, кейбіреуінде улану деректері келтірілген.

1