Абай • 30 Қыркүйек, 2020

Абайдың қара сөздері алғаш рет индонезия тіліне аударылды

416 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшілігі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірге Абай Құнанбайұлының Индонезиялық тіліндегі "Қара сөздердің"  онлайн- тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абайдың қара сөздері алғаш рет индонезия тіліне аударылды

Қазақ философы және ағартушысының 175 жылдығына арналған онлайн-іс-шараға Қазақстан, Индонезия және Малайзиядан қатысушылар, соның ішінде Қазақстан мен Индонезия елшілері, Индонезия Парламентінің өкілдері, екі елдің ұлттық кітапханаларының басшылары, Индонезия академиялық топтары, жазушылар, сонымен қатар Индонезия-Қазақстан  достар клубының мүшелері қатысты.

Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Данияр Сарекенов іс-шараның ашылу салтанатында Абайдың әлемнің көптеген тілдеріне аударылған ең жарқын шығармаларының бірі болып табылатын "Қара сөздер" индонезиялық оқырмандар үшін алғаш рет ұсынылып отырғанын және олар дана ақынның шығармалары арқылы қазақ халқының рухани байлығы мен мәдениетін біле алатын атап өтті. Қазақстандық дипломат "Қара сөздердің" көптеген ойлары мен тұжырымдары әлі күнге өзектілігін жоғалтпағанын және әлем халықтарының ортақ мұрасы болып табылатынын баса айтты.

Кітап кіріспесінің авторларының бірі – Индонезияның Қазақстандағы Елшісі Рахмат Прамоно – өз сөзінде Абай шығармалары адами қарым-қатынастар туралы  кешенді ойлар және қоғам мен ұлттың өмірі бойынша философиялық қорытындалары екенін атап өтті. "Кітаптың индонезия тілінде шығуы екі ел халықтары арасындағы мәдени түсіністікті нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін", деп қорытындылады индонезиялық дипломат.

Индонезия Республикасы Парламенті Өкілдер палатасы Парламентаралық ынтымақтастық комитетінің төрағасы, Өкілдер палатасының бұрынғы вице-спикері доктор Фадли Зон қазақтың ұлы ағартушысы және ақынының шығармаларын индонезия тіліне алғашқы аудармасы екі ел халықтарының мәдени алмасуы мен өзара түсіністігін ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті және болашақта қазақстандық оқырмандар Индонезияның әйгілі ақындары мен ойшылдарының шығармаларымен таныса алады деп сенім білдірді.

Нұр-Сұлтандағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, профессор Үмітхан Мұңалбаева  қатысушыларға әлемдік деңгейдегі қазақтың данышпаны саналатын ғұламаның өмірлік жолы мен рухани еңбегі туралы терең де жан жақты мағлұмат берді.

Индонезия Ұлттық кітапханасының басшысы Шариф Бандо Абайдың индонезия тіліндегі "Қара сөздердің" аудармасының бірінші басылымын қуана қарсы алды және Қазақстан мен Индонезия халықтары арасындағы мәдени ынтымақтастықты және достық байланысты нығайту мақсатында екі елдің ұлттық кітапханалары арасындағы өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараның жарқын сәттерінің біріне айналған Құрманбек Әлімғазыұлы мен Серік Әбілдің орындауындағы Абайдың ең әйгілі "Көзімнің қарасы" және "Желсіз түнде жарық ай" әндері болды.

Индонезия тіліндегі "Қара сөздердің" аудармасы екі елдің ұлттық кітапханаларына табысталады, сондай-ақ олардың электронды кітапханаларында орналастырылатын болады.