Жарыстың алғашқы күні Нариман Құрбанов "атта" алтын және Ілияс Әзизов еркін жаттығуда күміс медальді иеленгені жайында біз бұған дейін де баяндағанбыз. Келесі күні қоржынымыз тағы да қос жүлдемен толықты. Талай байрақты бәсекеде жүлде алып жүрген сақа спортшы Милад Карими "брусья" мен "керме" жаттығуларының нәтижесі бойынша екінші орынды еншіледі.
"Әлем кубогында 14 мемлекеттің өкілдері бақ сынады. Азия құрлығынан Қазақстан ғана қатысты. Мажарстанға біз небары үш спортшы ғана апарғанымызға қарамастан, төрт жүлдеге иелік еттік. Бұл өте жақсы нәтиже", дейді Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Ким.