Экономика • 05 Қазан, 2020

ЕАЭО елдері арасындағы жолаушылар қатынасы қалпына келтіріледі

160 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл шара Қазақстан тарапының бастамасы бойынша осы жылғы 1 және 2 қазанда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің премьер-министрлері орынбасарларының қатысуымен бейнеконференция байланысы режимінде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысы барысында іске асырылды. Қазақстандық делегацияны Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә. Смайылов басқарды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЕАЭО елдері арасындағы жолаушылар қатынасы қалпына келтіріледі

Атап айтқанда, 2021 жылдың наурызына дейін қорғаныс киімдері, дәрілік заттар, дезинфекциялық құралдар, бинттер, медициналық пайдалануға арналған аппаратура және т. б. кедендік баж салынбайды. Бұл халықты коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және болдырмау үшін қажетті медициналық тауарлардың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етуге көмектеседі.

Сондай-ақ Кеңес мүшелері карантин шаралары жағдайында ЕАЭО елдері арасындағы жолаушылар қатынасын қалпына келтіру мүмкіндігін талқылады. Қатысушы елдер азаматтардың қозғалысы бойынша бірыңғай өлшемдерді әзірлеуі қажет. ЕЭК-те санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың дамуын ескере отырып, бұл мәселе қосымша зерделенеді. Кеңес мүшелері пандемия кезінде қарқынды дамып келе жатқан интернет-сауда тақырыбын да қозғады. Экономиканың осы сегментін реттеуді пысықтау қажет. 

Тұтынушылар жыл сайын шетелдік интернет алаңдардан миллиондаған тауарларға тапсырыс беретінін және оларға қауіпсіздік жөніндегі талаптар таралмайтынын және салық салудың нақты тетігі орнатылмағанын ескере отырып, мұндай диспаритет отандық өндірушілердің ЕАЭО елдерінің ішкі нарығындағы бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететіндігін ескертті. Интеграциялық кеңістік шеңберінде электрондық сауданы енгізудің ашық шарттарын белгілеу жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

Сонымен қатар Келісім жобасы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде ЕАЭО техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың қағидаттары мен тәсілдерін айқындайды, сондай-ақ өнім жеткізуді тоқтатуға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін тиімді тетік құруға мүмкіндік беретін нормалар көзделген.

Сондай-ақ кеңес аясында ЕАЭО халықаралық қызметінің 2021 жылға арналған негізгі бағыттары талқыланды. Үшінші елдермен, өңірлік интеграциялық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету қазірдің өзінде құрылған өзара іс-қимыл тетіктері шеңберінде және халықаралық ынтымақтастықтың әлеуетті перспективалы бағыттарын ескере отырып дамиды.