Әлем • 05 Қазан, 2020

Камчаткадағы апаттың алдын ала себебі жарияланды

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Камчаткада судың ластануы мен теңіз жануарларының көптеп қырылуына техногендік ластануы себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Камчаткадағы апаттың алдын ала себебі жарияланды

Бұл туралы өлке губернаторы Владимир Солодов хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі таңда экологиялық апаттың үш себебі қарастырылып жатыр.

Біріншісі – адам қолымен жасалған ластану, екіншісі – қандайда бір заттардың төгілуі, үшіншісі – сейсмикалық белсенділік. Ал "Камчатгидромет" басшысы Вера Полякованың сөзінше, өлі жануарлардың теңіз жағалауына шығып қалуына дауыл мен қатты толқын әсер еткен болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Камчатка жағажайында теңіз жануарлары шетінен қырылып жатыр.