Оқиға • 06 Қазан, 2020

Қосағашта жаңа мектеп ашылды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кербұлақ ауданының Көксу ауылдық округіне қарасты Қосағаш ауылында 80 орындық мектеп ашылды.

Қосағашта жаңа мектеп ашылды

Білім ордасының құрылысы 2019 жылдың сәуір айында басталған болатын. Мектептің бой көтеруіне республикалық бюджеттен 700 млн теңге қаржы бөлінді. Жаңа білім ордасы толығымен заманауи жабдықтармен жабдықталып, компьютерлік құрылғылармен қамтамасыз етілді. Одан бөлек, жеке компьютер сыныбы, қыздар мен ұл балаларға шеберхана және зертхана кабинеттері жасақталды.

«Бүгін көптен күткен мектептің ашылуы болып жатыр. Ауылымызда жаңа мектеп бой көтерді. Оқушылар мен ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Бұрынғы мектептің жағдайы нашар болған. Енді мұғалімдер жаңа компьютерлік сыныпта, интерактивті тақтамен сабақ беретін болады», дейді Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бахтиярова.

Жаңа мектеп 38 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтиды. Оның 29-ы – ұстаздар қауымы. Мұғалімдер төл мерекелері қарсаңында мұның үлкен сый болғанына қуануда.

Айта кетелік, бұдан бөлек Кербұлақ ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Сарыбастау орта мектебі және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Сарыбұлақ орта мектебі күрделі жөндеуден өтуде.

 

Алматы облысы