![Қанат Исламның келесі қарсыласы анықталды](/media/2020/10/06/crop-59_1_531x708_10843668.jpg)
BoxRec порталының ақпараты бойынша, Ислам келесі кездесуін 16 қазан күні Плант-Сити (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткізеді. Бұл отандасымыздың соңғы бір жылдағы бірінші кездесуі болмақ.
Соңғы рет Қанат Ислам 2019 жылдың 26 қазанында шаршы алаңға шығып, намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілердің шешімі бойынша жеңді. Бұл кездесу ол WBO International белбеуін иеленген болатын.
Ал 32 жастағы Гуррола болса кәсіпқой бокста 45 кездесу өткізіп, 27 жекпе-жекте жеңіске жетсе, 15 кездесуде жеңіліп, 3 айқаста қарсыласымен тең түскен. Ол жекпе-жектерінің басым бөлігін Мексикада өткізген.