12 Қараша, 2013

Аймақаралық ынтымақтастықтың биік асулары

320 рет
көрсетілді
34 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында өткен Қазақстан – Ресей X аймақаралық форумына қатысты. Биылғы мерейтойлық басқосуға екі елдің экономикалық ынтымақтастығын жандандыру жайы өзек болды.

КешеҚазақстанПрезидентіНұрсұлтанНазарбаевпенРесейПрезидентіВладимирПутинніңСвердловскоблысыгубернаторыныңрезиденциясындаөткенҚазақстанРесей X аймақаралықфорумықосмемлекетбасшыларыныңекіжақтыкездесуіменбасталды. Владимир Путин Ресейдің аумағы Қазақстанмен шектесіп жатқандықтан, форумның өтуіне Екатеринбург қаласының тегіннен-тегін таңдалып алынбағанын жеткізді.

 

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында өткен Қазақстан – Ресей X аймақаралық форумына қатысты. Биылғы мерейтойлық басқосуға екі елдің экономикалық ынтымақтастығын жандандыру жайы өзек болды.

Кеше Қазақстан Президент іНұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің Свердловск облысы губернаторының резиденциясында өткен ҚазақстанРесей X аймақаралық форумы қос мемлекет басшыларының екі жақты кездесуімен басталды. Владимир Путин Ресейдің аумағы Қазақстанмен шектесіп жатқандықтан, форумның өтуіне Екатеринбург қаласының тегіннен-тегін таңдалып алынбағанын жеткізді.

Бүгінде қос мемлекеттің өңірлері арасындағы байланыстар жақсы жолға қойылған. Өңірлер өкілдері бұл бағытта белсенді жұмыстар атқаруда. Біздің елдерімізге ортақ тиімді жобалар да көп. Кеден одағы аясында жаңа пішінге сәйкес, өзара тауар айналымы көрсеткіші айтарлықтай деңгейде өскенін атап өтуге болады. Мәселен, Ресейден Қазақстанға келетін тауар көлемі Қазақстаннан Ресейге жеткізілетін тауардан гөрі анағұрлым көп, деді В.Путин. Алайда, Ресей Президентінің бұл сөзіне Нұрсұлтан Назарбаев: «Ендеше, біздікілер басқаша айтып жүр», деп қалды. Бұл орайда, В.Путин: Яғни, бүгінде біздің елдеріміз арасында, міне, осындай үрдіс байқалуда. Бірақ, мұндай жағдай бізді қорқытып отырған жоқ. Мүмкін, түптің түбінде біз белгілі бір теңгерімділік жағдайына қол жеткізерміз. Сондықтан, біз бүгін Сізді көріп отырғанымызға қуаныштымыз. Біздердің арамызда тиімді әрі мағыналы пікір алмасу орнайтынына сенім білдіремін, деді Владимир Владимирович. Ресей Президенті, сондай-ақ, өз сөзінде екі ел арасындағы инвес­тиция көлемі де өсіп отырғанын атап өтті. Өткен жылы Ресейден Қазақстанға құйылған инвестиция көлемі шамамен 1 млрд. долларды құрады. Ал Қазақстаннан Ресейге келген инвестиция көлемі шамамен 1 млрд. 700 млн. долларды құрады, деді В.Путин бұл орайда.

Н.Назарбаев екіжақты ынтымақ­тас­тық мәселелерінің өзекті тұстарын талқылауға мүмкіндік берілгені үшін алғысын білдірді. Қазақстан басшысы аймақаралық ынтымақтастықтың орнағанына 10 жыл толғанын, бұл мерзім аралығында көптеген жұмыстардың басы қайырылғанын атап өтті. Біз биыл 10-шы мерейтойлық форумға жиналып отырмыз. Әрине, 10 жыл ішінде біраз жұмыс атқарылды. Бұл Кеден одағының құрылуына негіз болды. Енді біз ықпалдастықтың келесі деңгейіне өту бағытында жұмыстар атқарудамыз. Соңғы уақытта бірлескен кәсіпорындар құру, шекаралас аймақтар, облыстар арасындағы сау­да айналымы артуда, деді Елбасы өз сөзінде. Қазақстан басшысының айтуынша, екі ел арасындағы сауда айналымының 70 пайызы шекаралас өңірлердің еншісіне тиіп отыр. Біз Ресейдің өнеркәсіптік секторының жүрегі – Екатеринбург қаласында кездесіп отырмыз. Бұл – біз үшін жақын өңір. Себебі, бұл аймақпен бізді тарихи тамырластық байланыс­тырады. Қазіргі таңда индустрияландыру бағытында жұмыстар жүріп жатқандықтан, бұл өңірдің экономикалық байланыстарды нығайтуға зор мүмкіншілігі бар. Өйткені, бұл өңірдің Қазақстанға минералды шикізаттарды, ферроқорытпаларды, бокситтерді жеткізудегі әлеуеті зор. Сіз дұрыс атап өткендей, соңғы уақытта өзара инвестиция көлемі артты, экспорт-импорт мөлшері ұлғайды. Жалпы алғанда, өңіраралық байланыстардың тамырына қан жүгіріп, жанданып келеді. Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік, болашақта құрылатын Экономикалық одақ өңірлераралық ынтымақтастық үшін бұдан да зор мүмкіндіктер ашады деп ойлаймыз, деді Н.Назарбаев.

Екіжақты кездесуден кейін қос мем­лекеттің X аймақаралық форумы аясында өңірлер басшылары мен әкімшіліктері арасында бірқатар келіссөздерге қол жеткізілді. Яғни, алдағы уақытта 5 шекаралас облыс өзара сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және білім-ғылым салаларындағы ынтымақтастықты жан­дандырмақ. Мәселен, еліміздің Қарағанды облысының әкімі Б.Әбдішев пен Ресей Федерациясы Свердловск облысының губернаторы Е.Куйвашев Қарағанды облысы әкімдігі мен Свердловск облысы үкіметі арасындағы сауда- эко­но­микалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімді рәсімдеді. Дәл осындай құжатқа Қостанай облысының әкімі Н.Сәдуақасов пен Свердловск облысының губернаторы Е.Куйвашев қол қойды. Ал Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов пен Астрахань облысының губернаторы А.Жилкин шекаралас аймақтардың сауда-экономикалық, ғылыми-техни­калық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімін бекітті.

Қазақстан мен Ресей өңірлерінің өкілдері арнайы құжаттарға қол қой­ған­нан кейін Қазақстан – Ресей X аймақ­аралық форумының пленарлық оты­рысы ұйымдастырылып, оған Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назар­баев пен Ресей Федерациясының Пре­зиденті Владимир Путин, сондай-ақ, шекаралық аймақтардың, ірі өндірістік кәсіпорындардың, ғылыми-зерттеу институттарының, ұлттық компания­лар мен холдингтердің басшылары, ми­нистр­лер, инновациялық технологиялар саласының сарапшылары қатысты.

X аймақаралық форумның пленар­лық отырысын ашқан Ресей Президенті В.Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастық мәселесі өзекті болғандықтан, 2003 жылдан бері осындай мазмұндағы форум өткізіліп келе жатқанын атап өтті. Бұл форум өзінің тиімділігін көрсетіп келеді. Қазіргі таңда Ресейдің 93 субъектісінің 76-сы Қазақстанның барлық 14 облысымен, Астана және Алматы қалаларымен экономикалық ынтымақтастыққа қол жеткізген. Бүгінгі күнге дейін түрлі салалар бойынша 200-ге тарта өңіраралық келісімдерге қол қойылған, деді В.Путин. Сондай ақ, ол Қазақстанның Ресейдің көптеген өңірлерінің жетекші әріптесіне айналғанын, оларға Челябі, Свердловск, Орынбор облыстарын жатқызуға болатынын атап өтті. Қазіргі таңда бұл субъектілердің қазақстандық серіктестерімен арадағы тауар айналымы 2 млрд. доллардан асып жығылады. Бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына айтарлықтай оң ықпал етуде. Соңғы он жылдың ішінде екіжақты сау­да айналымы 4 есеге дейін өсті. Екі ел арасындағы инвестициялық әріптестік те жақсы жолға қойылған. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығындағы көрсеткішке сәйкес, Қазақстанға Ресейден 1 млрд. доллар мөлшерінде инвестиция құйылған. Бұл инвестиция көлемінің өткен жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда 40 пайызға артқанын көрсетеді. Алдағы уақытта екі елдің экономикалық мүмкіндіктері аясын одан әрі кеңейтіп, оның тетіктерін дамыта түсу үшін жаңа инвестициялық пішінге сәйкес, аймақаралық және шекаралық байланыс­тарды тиімді түрде жолға қойып келеміз. Мен бұл ретте, 2015 жылы құрылатын Еуразиялық экономикалық одақты меңзеп отырмын. Биылғы форумның басты тақырыбы осы контекске сәйкес таңдап алынды. Ол – аймақтардың өнеркәсіптік кооперацияларын дамыту. Бүгінде Ресей, Қазақстан және Беларусь еркін тауар айналымын, еркін қызмет көрсету тетіктерін, еркін капитал мен жұмыс күші қозғалысын қамтамасыз етіп келеді. Енді біз өнеркәсіптік бағыттағы әріптестік аясында алға жылжып отыруымыз керек. Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аясында жүзеге асырылған жұмыстар өзара тиімді кооперациялардың дамуына тосқауыл қоятын көптеген кедергілердің алынып тасталуына септігін тигізді. Бүгінде Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аясындағы тауар айналымы қаңтар және тамыз айлары аралығында 2 пайызға артты, деді В.Путин.

 

Сондай-ақ, Ресей Президенті ресейлік-қазақстандық бірлескен кәсіпорындардың саны тұрақты өсіп жатқанына тоқталды. Олардың саны қазірдің өзінде бес мыңнан асып жығылады. Бұл кәсіпорындар іс жүзінде барлық басты салаларда – шикізатты өндіріп, өңдеуден бастап ақпараттық салаларға дейін жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 9 айында қырықтан астам бизнес делегациялар сапарлары жүзеге асып, 55 мамандандырылған көрме ұйымдастырылды, деді В.Путин бұл турасында. Ресей Президенті, сонымен қатар, Қазақстанда құрылған перс­пективалы жобалар ретінде ресейлік тікұшақтарды құрастыру және сервистік қызмет көрсету, аталған тікұшақтармен Алматының құтқару қызметін жабдықтау өндірісін атады.

Қарағанды фармацевтикалық комбинатының базасында дәрі-дәрмектік препараттардың бірлескен өндірісі жолға қойылуда. «Уралвагонзавод» Қазақстанда жылжымалы құрам үшін қозғалтқыштар шығаратын жаңа кәсіпорын құруды жос­парлауда. Бұған дейін Павлодарда өткен аймақаралық форумда талқыланған жобалар бойынша да жұмыстар жалғасуда, деді Ресей басшысы.

Н.Назарбаев өз сөзінде экономикалық өмір шындығы Қазақстан мен Ресей алдына ұзақ мерзімді перспективада бірдей міндеттер жүктейтінін атап өтті. Қазақстан Президентінің сөзіне қарағанда, жылдан-жылға бұл форумға қызығушылық артып келеді. Бұл оның ықпалын әрі іс жүзінде пайдалы екендігін білдіреді. Екатеринбургтегі қазіргі форум зор мәнге ие. Бүгін біз елдеріміз арасындағы ХХІ ғасырдағы татукөршілік және одақтастық туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз. Ол Қазақстан мен Ресейдің үшінші мыңжылдықтағы өзара тиімді серіктестігінің сенімді негізі болатындығына сенімдімін, деді Елбасы. Н.Назарбаевтың айтуынша, ынтымақтастықты дамытудың маңызды бағыттарының бірі – мерейтойлық форумның тақырыбына айналған «өнеркәсіптік кооперация». «Талқылауға шығарылып отырған мәселелердің өзектілігі екі ел экономикасы құрылымының ұқсастығы мен даму қарқынын баса көрсетеді. Экономикалық шындық Қазақстан мен Ресей алдына ұзақ мерзімді перспективада бірдей міндеттер жүктейді. Олардың шешімі аясында біз экспортты әртараптандыру, жоғары технологиялық импортты алмас­тыру бағытында қатар жұмыс істейміз, деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Қазақстан басшысы, сондай-ақ, екі елдің таңдап алған экономикалық даму мақсаттары мен ұстанымдары интеграциялық үдерістерге, нақтылай түссек, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік құруға жақсы негіз болғанын баса айтты. Адамзаттың болашақ дамуының парадигмасы жаңа «жасыл технологиялармен», балама энергия көздерімен және басқа да инновациялар жиынтығымен үшінші өнеркәсіптік революция аясында қалыптасады. Бұл жағдайларда кәсіпкерлер қоғамдастығының белсенділігі ерекше мәнге ие», деді Елбасы. Қазақстан Президенті, сонымен қатар, Қазақстанда да, Ресейде де жеке бизнес үкіметтердің жаңа өнеркәсіптік және инновациялық жобалармен жаңғырту реформаларын қолдауға қабілетті екенін жеткізді. Бұл жөнінде Н.Назарбаев: «Қазіргі таңда Қазақстанда да, Ресейде де жеке бизнес біздің үкіметтеріміздің жаңа өнеркәсіптік және инновациялық жобалармен жаңғырту реформаларын қолдауға қабілетті. Ондай бастамалардың көпшілігі жүзеге асырылуда», деді. Осы орайда, Елбасы мемлекетаралық бизнес кооперациясының жемісті үлгілері ретінде машина жасау, уран және химия өнеркәсібі салаларын атады. Мәселен, Ресей мен Қазақстан тау-кен металлургиясы саласында бір-бірін табиғи толықтырады. Дәстүрлі түрде Қостанай облысы Ресейдің металлургиялық кәсіпорындарына окатыштер, ал Павлодар алюминий шикізатын жеткізеді, деді Қазақстан басшысы. Сонымен қатар, ол ресейлік компания Қостанай облысында прокат зауытының құрылысын аяқтайтынын, оның жылдық қуаты 450 мың тонна уақ сұрыпты прокат болатынын баса айтты.

Елбасының пікірінше, қазақстандық бизнес өзара тиімді серіктестік жағдайында кооперацияны кеңейтуге дайын. Бұл ретте Президент: «Ғылым саласындағы ынтымақтастық мүлдем жаңа көкжиек ашады. Ендеше, күш-жігерлерімізді жаңа технология­ларды дамытуға біріктіруге болады. Мәселен, 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі жаңа энергетика бағытына түрткі бола алады. Оның тақырыбы – «Болашақтың энергия­сы», деді. Елбасының атап өтуінше, екі ел арасында инновациялық саладағы жемісті ынтымақтастық үшін қолданыстағы механизмдердің жаңа жетілдірілген өзара іс-қимылдары талап етіледі. Бұл міндеттің шешімін мен, біріншіден, біздердің серіктестік уағдаластығымыздан көріп отырмын. Мемлекетаралық шешімдерден кәсіпкерлер өз жұмыстарында шынайы экономикалық жақсару мен жеңілдік күтеді, деді Қазақстан басшысы. Н.Назарбаевтың атап өтуінше, екіншіден, бұл – екі ел кәсіпорындарының іс-қимылдарының үйлесімділігі. Бүгінгі форумның тақырыбы жүйелі дамудың қуатты ынталандырушысы болуы тиіс. Қазақстандық бизнес өзара тиімді серіктестік жағдайында кооперацияны кеңейтуге дайын, деді өз сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы.

Форум аясында Қазақстан басшысы, сонымен қатар, кәсіпкерлікті барынша қолдай отырып, өндірісті тиімді орналастыру ұстанымын басшылыққа алу қажеттігін атап өтті. Елбасының атап өтуінше, Қазақстан индустриялық-инновациялық дамудың алғашқы бес жылдығы ішінде экономиканың мүлдем жаңа салаларында инновация енгізу және игеру үшін база қалыптастырып отыр. Бүгінгі таңда индустриялық дамудың 5 жылға арналған бағдарламасын дайындау қарқынды жүргізілу үстінде. Біртұтас экономикалық кеңістік үш елдің әлеуетін еселей түсті. Ендігі уақытта біздің бизнес елдің ішкі ресурстарына ғана емес, сонымен бірге, Ресей мен Беларусьтегі серіктестерімізге де арқа сүйей алады. Кәсіпкерлікті барынша қолдай отырып, біз өндірісті тиімді орналастыру ұстанымын басшылыққа алуға тиістіміз, деді Н.Назарбаев бұл орайда. Қазақстан Президентінің айтуынша, үш елдің басты мақсаты бизнес үшін барынша жағдай жасау әрі қорытынды нәтижеде Қазақстан, Ресей және Беларусь аумағында бірлесіп өндірілген өнімді әлемдік нарыққа шығару болып табылады. Бұл – Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі қарсаңында барынша өзекті.

Нұрсұлтан Әбішұлы, сондай-ақ, әлемнің заманауи дамуы, жаһандық сын-қатерлер біздің алдымызға жаңа міндеттер мен мақсаттар жүктейтінін жеткізді. Біздің экономикаларымыздың ең соңғы технологиялық трендтерді заманауи елеп-ескеруі маңызды мәнге ие. Дегенмен, біздер жаңа салаларды дамыта отырып, мұндай өзгерістерде қаржы көзі қызметін атқаратын ресурстық база жайында ұмытпауға тиістіміз, деді Елбасы. Осы орайда, Қазақстан басшысы дәстүрлі шикізат секторын жаңғыртуға ерекше назар аудару стратегиялық тұрғыда маңызды екендігін баса айтты. Осыған орай, келесі форумның тақырыбын «Көмірсутегі саласындағы инновациялар» деп белгілеуді және 2014 жылы Атырауда өткізуді ұсынамын, деді Н.Назарбаев.

Қазақстан мен Ресей президенттерінен кейін сөз өңірлер басшылары мен салалық министрлерге берілді. Мәселен, Ресей Федерациясының Өңірлік даму министрі Игорь Слюняев, Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, Ресей Федерациясының Экономикалық даму жөніндегі министрі Алексей Улюкаев, Қазақстанның Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев, Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров, Свердловск облысының губернаторы Евгений Куйвашев, Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын, Челябі облысының губернаторы Михаил Юревич, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының басымдықтары мен алда атқарылатын жұмыстар шоғыры жайлы өз ой-пайымдарын жеткізді. Мәселен, Ә.Исекешев алдағы уақытта Қазақстан мен Ресей сауытты техникалардың заманауи үлгілерін бірлесіп шығаратынын жеткізді. Бүгін форум аясында «Қазақстан инжиниринг» компаниясы мен «Уралвагонзаводы» сауытты техникалардың заманауи үлгілерін жаңғырту және шығару бойынша бірлескен кәсіпорын құруға арналған құрылтайшылық құжатқа қол қойды, деді ол бұл турасында. Сонымен қатар, Ә.Исекешев екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы өндірістік кооперация ерекше мәнге ие болып отырғанын, қазіргі таңда бұл бағыт бөлшектер жеткізу есебінен ғана емес, сонымен бірге, бірлескен кәсіпорындар құру арқылы да дамып келе жатқанын жеткізді.

Қазақстан мен Ресей Федерациясы аймақаралық ынтымақтастығының 10-шы мерейтойлық форумының қорытындысы бойынша екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы келісімге қол қойды.

Сонымен қатар, екі елдің министрлері де Қазақстан мен Ресей арасындағы байланысты нығайта түсуге септігін тигізетін бірқатар маңызды құжаттарды рәсімдеді. Атап айтқанда, «Қазақстан мен Ресейдің «Рост-Өрлеу» өнеркәсіптік колледждері қауымдастығын құру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге «Қазэнерджи» қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешені қауымдастығының бас директоры Ә.Мағауов, Қарағанды политехникалық колледжі директоры З.Рахымов және Первоуральск металлургия білім орталығы колледжінің директоры Н.Десятов, «Челябі құбыр илегі зауыты» тобының акционері А.Комаров, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы мұнай тасымалдау және кепіл туралы алдын ала шартқа «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы С.Мыңбаев, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Қ.Қабылдин, «Роснефть» ҰК» ААҚ президенті – басқарма төрағасы И.Сечин, 2013-2014 жылдарға арналған Қазақстан мен Ресей өнеркәсіптік кооперацияларын жандандыру жөніндегі Жол картасы мен Қазақстан Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Ресей Өнеркәсіп және сауда министрлігі арасындағы өнеркәсіп саласындағы өзара іс қимылдарды кеңейту бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев пен Ресей Өнеркәсіп және сауда министрі Д.Мантуров, 2010 жылғы 7 қыркүйектегі Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы Имашев трансшекаралық газ конденсаты кен орнын геологиялық зерделеу және барлау бойынша бірлескен қызмет туралы келісім хаттамасына Қазақстанның Мұнай және газ министрі Ұ.Қарабалин мен Ресейдің Табиғат ресурстары және экология министрі С.Донской, Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы шекара маңы аумақтарында орман және дала өрттерінің алдын алу және сөндіру туралы келісімге Қазақстан Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н.Қаппаров пен Ресей Табиғат ресурстары және экология министрі С.Донской қол қойды.

Стратегиялық және өңірлік әріптестікті дамытуға серпін беретін құжаттарға қол қойылғаннан кейін президенттер БАҚ өкілдеріне форум нәтижесінде қол жеткізілген келіссөздер жөнінде айтып берді.

В.Путин Қазақстан мен Ресейдің X аймақаралық форумы нәтижелі аяқталғанын атап өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен екіжақты кездесу және форумның пленарлық отырысында біздің көпсалалы байланыстарымыздың маңызды тұстары талқыланды. Соңғы уақытта сауда және экономикалық салада өсім байқалып келеді. Мәселен, соңғы 9 айда тауар айналымы 15 пайызға өсіп, 18 млрд. АҚШ долларын құрады. Біз осы игі үдерісті сақтап және одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмастық. Өнеркәсіп кооперациясының дамуына әсер ететін тетіктерді қарастырдық. Осы орайда, екі ел үкіметі мен өңірлер басшылары еуразиялық интеграцияның мүмкіндіктерін толықтай пайдалануы керек. Мәселен, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аясындағы кедендік кедергілердің жойылуы екіжақты өнеркәсіптік байланыс пен сауда айналымына игі ықпалын тигізуде. Өңіраралық бастамалардың жүзеге асуына 2015 жылы іске қосылатын Еуразиялық экономикалық одақ жол ашады деп ойлаймыз. Сол арқылы Қазақстан мен Ресей арасындағы технологиялық, инвестициялық және өндірістік альянстардың құрылуына тиімді жағдай жасайтын боламыз. Яғни, интеграцияның тереңдеуі жаңа жұмыс орындарының құрылуына, бәсекелестіктің, тауар мен қызмет көрсету сапасының, біздің азаматтарымыздың өмір сүру сапасының артуына жол ашатын болады. Біз қол қойған «Қазақстан мен Ресей арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы» келісім аймақаралық мәселелердің оңтайлы шешілуіне сеп болады деп ойлаймын. Биылғы аймақаралық форум аясында көптеген маңызды шаралар өтті. Демек, Екатеринбург жоғары деңгейдегі жиындарды өткізуге дайын екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді», деді В.Путин.

Н.Назарбаев екі елдің аймақаралық форумының жоғары деңгейде өтуіне ресейлік тарап жағынан жақсы жағдай жасалғанын атап өтті. Осыдан 10 жыл бұрын біз осы форумды өткізу жөнінде бастама көтерген болатынбыз. Осы жылдар аралығында форум өзінің өзектілігін дәлелдеп, қос мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың маңызды факторына айналды. Посткеңестік кеңістік аясында Қазақстан мен Ресейде адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты сақтау үшін, екі елдің экономикаларын дамыту үшін жақсы жағдай жасалды деп ойлаймын. Біз көршіміз. Көршіні таңдамайды. Көршіні Құдай береді. Біздің бұрынғы ата-бабаларымыз қалай өмір сүрсе, қазіргі таңда да біз осы қалыпты сақтап келеміз. Біз ынтымақтастықтың өрістеуіне негіз болатын іс-шараларды жүзеге асырудамыз. Осы орайда, бұл форумның маңызы зор. Бүгінде екі ел арасындағы тауар айналымының өсуі, бірлескен кәсіпорындардың құрылуы біздің елдеріміздің әлемдік бәсекелестікке төтеп беруіне мүмкіндік туғызуда. Біз Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру үшін алдымен өзіміздің ішіміздегі бәсекелестікке төтеп беруіміз керек. Сол үшін Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында Кеден одағын құрдық. Бүгінде Кеден одағы өзі құрылған екі жыл ішінде тиімділігін көрсетті. Алдағы уақытта біздің алдымызда Еуразиялық экономикалық одақ құру міндеті тұр. Бұл посткеңестік кеңістік аясында жоғары деңгейдегі интеграцияның қалыптасуына жол ашады деп сенеміз. Сол арқылы біз оның әрбір тарапқа тиімді болатынын дәлелдегіміз келеді. Біз бүгін елдеріміз ынтымақтастығының дамуына мүмкіндік беретін жаңа құжатқа қол қойдық. Екатеринбургте жастар форумының және индустрия көрмесінің өтуі екіжақты ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді деп ойлаймын. Екатеринбургтегі форум сәтті және нәтижелі өтті деп санаймыз. Біз сауда, экономика, мәдениет салаларындағы әріптестігіміз одан әрі өрістеп, тату көршілес елдердің дамуына қызмет ете береді деп сенемін, деді Қазақстан Президенті сөзінің қорытындысында.

Сонымен, 2012 жылы Павлодар қаласында өткен форумға «Қазақстан-Ресей өңірлерінің индустриялық-инновациялық ынтымақтастығы» мәселесі өзек болса, Свердловск облысының орталығы – Екатеринбург қаласында ұйымдастырылған биылғы форумға «Өнеркәсіптік кооперация» тақырыбы өзек етіп алынды. Қазақстан-Ресей X аймақаралық мерейтойлық форумына қатысуға жалпы саны 3 мыңға жуық адам ниет білдірген екен. Бір атап өтерлігі, биылғы мерейтойлық форумға айрықша мән берілгені, оның аясында өткізілген сан-салалы шаралар шоғырынан да аңғарылып тұрды. Қос мемлекет үшін тиімді мүмкіндіктерді көздейтін бұл шаралардың барлығы да «Екатеринбург – ЭКСПО» халықаралық көрме орталығының алаңында өтті.

Мәселен, форумның басталуынан бір күн бұрын «Ресей мен Қазақстан өңір­лерінің өнеркәсіптік кооперациялары» деген тақырыпта көрме ұйымдастырылып, жұртшылық назарына ұсынылды. Ауқымды көрмеге Ресейдің 16 өңірінен, сондай-ақ, Қазақстанның 10 әкімдігі мен отандық кәсіпорындарынан арнайы делегация өкілдері келді. Егер, бұл көрменің жалпы аумағы 10 000 шаршы метрді құраса, әр компания 54 шаршы метр аумаққа тең келетін павильонын орнатты. Жиыны 300-ге тарта кәсіпорын қатысқан көрме төрінен қос ел кәсіпорындары шығарған өнімдердің ерекшеліктерінен ақпар беретін 20-дан астам стенд орын тепті. Оның 12-сі қазақстандық кәсіпорындар мен мекемелердікі болса, ресейлік тарап өздерінің 9 стендін орналастырыпты. Көрмеге қатысушы тараптар өз өнімдерін жан-жақты насихаттап, екі елге де тиімді келіссөздер бойынша пікір алмасып жатты.

Көрмеде сөз алған Свердловск облысының губернаторы Евгений Куйвашев пен Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Ғалым Оразбақов мұндай жиындардың екі ел үшін тиімді тұстарына тоқталды. Свердловск облысының губернаторы Қазақстан мен Свердловск облысы ынтымақтастығының тамыры тереңде жатқанын, сол себепті қос тарап арасындағы экономикалық байланыстар мезгілдің түрлі сынағына төтеп бергенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, бүгінде Свердловск облысының ТМД елдерімен арадағы жалпы тауар айналымында Қазақстанның үлес салмағы 50 пайызға жетеді екен. Өткен жылы жүргізілген кедендік статистиканың қорытындысы бойынша, екіжақты тауар айналымы 1 миллиард АҚШ долларынан асып түсті. Қазіргі таңда біздің ортақ әріптестігіміздің аясы кеңейе түсуде. Оларға ғылыми салалар бойынша бірлескен жоғары өндірістік кәсіпорындар құруды, мұнай-газ, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, медицина және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларына қажетті құрал-жабдықтар өндіруді жатқызуға болады, деді Е.Куйвашев. Ал Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесшісі Виктор Темірбаев «Екатеринбург–ЭКСПО» алаңында орналасқан көрмеден форумға қатысушылар екі елдің өнеркәсіптік кооперациясының негізін қалайтын басым жобаларды көре алғанын жеткізді.

Екатеринбургте өткен X мерейтойлық аймақаралық форумның бір ерекшелігі – оның аясында алғаш рет «Ресей-Қазақстан» жастар форумының ұйымдастырылғандығы. Қос ел жастарының бұл шараға айрықша маңыз бергені соншалық, форумға қатысуға Қазақстан мен Ресейдің жастар ұйымдарынан 500-ге тарта өкіл арнайы келіпті. Жастар форумы шеңберінде «XXI ғасырдағы көшбасшылық және инновациялар: Ресей мен Қазақстан әріптестігі аясында болашаққа көзқарас» тақырыбында пленарлық және 5 секциялық отырыс ұйымдастырылды. Екі ел жастары Қазақстан мен Ресейдің әртараптағы ынтымақтастығын одан әрі жандандырудың, өңірлерді әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамытудың жолдарын қарастырды. Көршілес мемлекеттердің еуразиялық экономикалық интеграциясының негізгі аспектілерін айқындау, ғылыми-техникалық кооперация мен білім-ғылым, гуманитарлық байланыстарды дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы әріптестікті жандандыру, жастардың тәжірибе алмасуларына жол ашу, инновациялық саясат тетіктерін жетілдіру секілді мәселелерді талқылады. «Ресей-Қазақстан» жас­тар форумының қорытындысында Қазақстанның университеттері мен Урал мемлекеттік экономикалық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ, 10 қараша күні шекаралық өңірлердің ынтымақтастығын шегендеу мақсатында дәстүрлі Қазақстан – Ресей Іскерлер кеңесінің «Біртұтас экономикалық кеңістік аясында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы өңірлерінің өнеркәсіптік кооперацияны дамыту» тақырыбындағы кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа екі ел кәсіпорындарының 200-ге тарта басшылары мен бизнесмендері қатысты. Қос тараптың іскер топтары, Қазақстан мен Ресейдің Сауда-өнеркәсіптік палаталарының, салалық ведомстволардың, түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері шоғырланған жиында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесіне ден қойылды. Мәселен, жиынға қатысушылар Кеден одағын техникалық тұрғыдан жүйелеу, бірлескен өндірістік жобаларды жүзеге асыру, Біртұтас экономикалық кеңістіктің сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мен өнеркәсіптік кооперацияларды дамытуға тигізер әсері, халықаралық және Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық өнеркәсіптік кластерлерін құру, қос мемлекет кәсіпорындарының көлік-логистикалық байланысын дамыту, кооперациялық байланыстардың дамуына кедергі келтіретін факторларды айқындау, өнеркәсіптік кооперацияларға қатысты аймақаралық жобаларды тәжірибе түрінде жүзеге асыру сынды сан-салалы мәселелерді талқы таразысына салды. Сондай-ақ, отырыс аясында Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Кеден одағы аясындағы өнеркәсіптік саясатты үйлестіру және қос елдің іскерлік ынтымақтастығының нормативтік-құқықтық базасын жандандыру секілді өзекті мәселелер талқыланды.

Қазақстан – Ресей Іскерлер кеңесі кеңейтілген отырысы аясында ынтымақтастық тамырына қан жүгіртер бірлескен келісімдер бекіді. Мәселен, Қостанай облысындағы «Тобыл» корпорациясының басқарма төрағасы Арман Әлиев пен «Пенетрон Россия» МК президенті Игорь Черноголов Қазақстан аумағында инновациялық гидрооқшаулағыш материалдарды бірлесіп ілгерілету туралы меморандумға қол қойды. Сонымен бірге, Солтүстік Қазақстан облысының орталығы – Петропавл қаласында құрылымдық оңтайлы автоматтандырылған басқару және энергия ресурстар үнемдеу технологияларын енгізу бойынша кешенді жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Келісімді «Автоматика» ҒӨО бас директоры Леонид Шалимов пен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Владимир Балахонцев және «Сарыарқа» ӘКК басқарма төрағасы Арман Әуіткенов бекітті. Ал Урал федералды университетінің ректоры Виктор Кокшаров пен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтанов білім-ғылым саласындағы екі бірдей келісімге қол қойды. Олардың алғашқысы жастар мен ғылыми-академиялық қоғамдастықты «жасыл» экономика мен ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік мамандандырылған көрмесіне қажетті жобаларға тартуға мүмкіндік беретін «Ұрпақ арқылы жасыл көпір» еуразиялық тұғырнамасын құруға қатысты болды. Екіншісі – Еуразия-G-Global» аймақтық орталығын құру туралы құжат. Бұл күні Урал машина жасау зауытының бас директоры Алексей Носов пен Алматы ауыр машина жасау зауытының бас директоры Жетпісбай Едігенов те ынтымақтастық байланыс орнату жөнінде келісімге келді. Алдағы уақытта Қазақстан аумағында Урал кәсіпорнымен бірге азық-түлік өнеркәсібіне қажетті құрал-жабдықтар шығаратын бірлескен өндіріс орны бой көтермек. Бұл жобаға құйылатын қаржы көлемі 3 млн. АҚШ долларын құрамақ.

Жалпы алғанда, Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық әріптестіктің болашағы зор. Бұған екі елдің өзара инвестициялық тартымдылығы да ықпал етіп келеді және мұндай аймақаралық форумның да берері көп екені күмән туғызбайды.

Сөз ретінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының X форумы аясында «Лукойл» ААҚ президенті Вагит Алекперовпен кездескенін де айта кетейік. Кездесу барысында компанияның мұнай-газ саласындағы қызметі мәселелері және елдің мұнай-химия саласындағы жобаларды іске асыру аспектілері талқыланды.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан» – Екатеринбургтен.

Суреттерді түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар