Абай • 07 Қазан, 2020

Абайдың сөзі мен ойы игі істерімізден көрініс табатынына кәміл сенемін - Елбасы

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы жарқын келешекке деген сенім мен сындарлы әрекеттің арқасында пандемия әкелген уақытша қиындықты бірге еңсеретінімізді айтты. Бұл туралы ол "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланған "Абай аманаты" атты мақаласында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абайдың сөзі мен ойы игі істерімізден көрініс табатынына кәміл сенемін - Елбасы

"Ұлы Абайдың 175 жылдығы биыл адамзатқа қатер төндіріп, коронавирус індеті жайлаған уақытпен тұспа-тұс келіп қалды. Аталған дерттің зардабы жер жүзіндегі мемлекеттердің ешбірін айналып өткен жоқ. Бірақ жарқын келешекке деген сенім мен сындарлы әрекеттің арқасында бұл уақытша қиындықты да еңсереміз", дей келе Елбасы Абайдың сөзі мен ойы біздің күнбе-күнгі тірлігімізге, өркенді өмірімізге кірпіш болып қаланып, бүгінгі өркениет пен алдағы болашақ талабына лайық ұмтылыстарымыздан және игі істерімізден нақты көрініс табатынына сенім білдірді.