Кәсіпқой бокс • 09 Қазан, 2020

Бокс кеші

240 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыдағы «Абылай хан» спорт кешенінде кәсіпқой бокстан халықаралық турнир өтеді. Таяуда ғана тұсауы кесілген «Дарын» және «Nev Names» промоутерлік компаниялары ұйымдастырып отырған айтулы жарыста Қазақстанның бірқатар аймағы және Әзербайжан мен Беларусь елінен келген былғары қолғап шеберлері бақ сынайды.

Бокс кеші

 

Алатау баурайында өте­тін жарыста аты­рау­­­лық Бекболат Құра­мы­­­сов кә­сіпқой рингтегі өзі­­­нің тұ­саукесер кезде­су­ін өткізеді. Бұл есім жан­­­­­күйерлерге жақсы таныс. Қазақстан Республи­касының еңбек сіңірген жат­тықтырушысы Дастан Сә­дуақасовтың төл шәкірті әуесқой рингте жүр­генде 69 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, елеулі та­быс­­тарға қол жет­кізді. Атап айтсақ, студенттер ара­сында Чианг-Май мен Элистада өткен әлем чем­пионаттарының финалисі болды, Азия біріншілігінде қола медальды иеленді. Ере­сектердің ел чемпионатында жүлдегелер санатына қосылып, Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) «Ас­тана» арландары» клу­бының намысын абыроймен қорғады. Енді Бекболат кәсіпқойлармен күш сынасуды құп көріп отыр. Ол алғашқы жекпе-жегін ал­матылық Батыржан Тұх­таевқа қарсы өткізеді.

Танымал бапкер Сағат­бек Мұсахановтың қол ас­­тында жаттығатын Ес­кен­дір Харсан Андрей Нурчинскимен қолғап түйіс­тіреді. 31 жастағы Беларусь елінің өкілі – өте тәжірибелі боксшы. Ол осы күнге дейін кәсіпқой рингте 50-ге жуық жекпе-жек өткізді. Ал 23 жастағы қандасымыз жеті рет шаршы алаңға шығып, соның алтауында жеңіске жетті.

– Алматыдағы бокс ке­шенінде өнер көрсететін жігіттердің үш-төртеуінің ғана есімі көпшілікке танымал. Ал қалғандары кә­сіпқойлар арасында өз­дерінің тұсаукесер кезде­су­лерін өткізгелі отыр. Осы­­лайша, біз жастарға өз-өз­дерін мойындатуға жақсы мүмкіндік беріп отырмыз. Оның үстіне, «Дарын промоушен» компаниясы жуыр­да ғана құрылды. Қа­зақ­стан кәсіпқой бокс фе­де­рация­сының арнайы лицензиясын ресми түрде алғаннан кейін бірден дүбірлі дода ұйымдастыруға бел будық. Бұл реттегі біздің бас­ты мақ­сатымыз – осы спорт тү­рін таңдаған жастарға жол ашу, олардың үлкен аре­наға шығуына барынша жағдай жасау. Айтулы жарыс көпшіліктің көңілінен шығады деп ойлаймыз, – дейді «Дарын» промоутерлік компаниясының президенті Дархан Қабыланбаев.

Сондай-ақ турнирде Қа­нат Сүмебайұлы мен Дәуіт Ынтымақ, Бауыржан Бейіл­динов пен Ерлан Махмұд, Ғани Спатаев пен Исмат Еюнулаеев (Әзербайжан), Сергей Крапшила (Беларусь) мен Адлан Селмұрзаев және Асхат Жантұрсынов пен Ка­зим Умудов (Әзербай­жан) секілді боксшылар жұ­ды­рық­тасады.